«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ.

«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй, байланыс телефоны: 61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Шафердің музей үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Павлодар облысы мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттігін көтеру, зерттеу, ағарту, жинақтау, сақтау, экспозициялық көрме жұмыстарын іске асыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау ісіне ықпал ету; кәсіпорын қорындағы әйгілі композиторлардың, әншілердің, орындаушылардың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі материалдарды сақтау, зерттеу және насихаттау және фоножазуларын жаңа дыбыстасығыштарға аудару және қалпына келтіру; тарихи-мәдени мұраға еркін қол жетерлікті қамтамасыз ету кәсіпорынның қызметі мәні мен мақсаты болып табылады.

Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

мәдениет және өнер, гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, экономика, экология саласындағы біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы және мәдениет және білім саласындағы басшылық лауазымдардағы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік кодексі», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени объектілерін қорғау және пайдалану», «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың мәдениет және өнер мәселелері бойынша актілері, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасымен өртке қарсы қорғау жөніндегі ереже, экономика және қаржы негіздерін білуі міндетті түрде.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы басылымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не жіберілуі керек.