Ақын туған жерінде

Ақын Мұзафар Әлімбаевтың туған жерінде Шарбақты тарихи – өлкетану мұражайында «Шафердің музей-үйі» павлодарлық авторлардың балаларға жазған өлеңдерінің Елена Игнатовскаяның аудармасында аудиожазбалар ұсынылды.

Елена Юрьевна да балалардың тентектігі, ойындары туралы жазады. Бірнеше жыл бойы «Звезда Прииртышья» облыстық газетте «Домовёнок» балалар парақшасын жүргізеді. Авторда көптеген павлодарлық ақындардың Е. Ерботин, К. Идрисов, С. Баязитовтың туындылары кіретін аудармалар кітабы шығарылымға дайындалуда. Қазақстанда «Балдырған» балалар журналын басқарған, халық ақыны Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдеріне де Елена көп көңіл бөледі.

«Казахстан - моя Родина, и у неё своё особенное звучание - в мелодиях степного ветра, в звуках домбры, в песнях, и, конечно же, в стихах! Неповторимое очарование поэтических строк родной страны до конца понять и оценить может тот, кто был здесь рождён, а передать их глубину на другом языке - только поэт», - деп, Елена Игнатовская жинақтың алғы сөзінде жазады.

Орысша сөйлейтін адамдар қазақ авторларының не туралы жазғанын ғана білгенін қаламаймын, олардың поэтикалық жолдарда достастық, күнделікті тұрмыстағы тәжірибе және ақ көңіл әзілді сезгенін қалаймын. Поэтикалық кішкене көпір екі тілдің арасында болсын!

Ал осы «кішкене көпір» арқылы өтуге Павлодар қаласының №19 мектеп оқушылары мен олардың ұстазы Макпал Баяновна Аманжолова көмектесті. Олар «Шафердің музей-үйінің» жаңа жинағына енген өлеңдердің аудармаларын оқыды.

«Эти стихи (переводы) получились яркие, удачные, они легко читаются и запоминаются», - деп павлодарлық поэтесса, «Друг детства» Алғашқы Ұлттық конкурс лауреаты Ольга Николаевна Григорьева белгіледі.

Шарбақты аудан орталығының Абай атындағы мектеп оқушылары аудиожазбалардың алғашқы тыңдаушылары болды.

Музей өзінің жаңа шығармашылық жобасын Павлодар облысының құрылғанына 80 жылдығына және Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына арнайды.