Жазушы Николай Носовтың 110 жылдығына орай күзгі демалыс күндері «Жазушылар балаларға» кездесулер циклінде балаларға арналған кітаптарының жазушылық марафоны өтеді.
Николай Носов шығармашылық таланты гимназияда, жұмыс істейтін жастар мектебінде оқыған жылдары танылды.
Жазушының жан-жақты қызығушылығы, оның дәл ғылымдармен, фотографиялармен, музыкамен әуестенушілігі көптеген қаһармандарының бейнелерінен табылды.
«Затейники», «Живая шляпа», «Огурцы» әңгімелері сонау 1945 жылы шығарылған, алайда қазіргі жастар да осы әңгімелерді оқып, өздерін де, өздерінің достарың да табады.
Ал «Приключения Незнайки» әлі де ересектерді де, балаларды да немқұрайлы қалдырмайды.
«Шафердің музей-үйінде» граммафон күйтабақтарында осы трилогияны тыңдаудың бірегей мүмкіндігі бар.
Әрбір оқу мен тыңдаудан кейін жазушы Н. Носовтың арқасында оқырмандарға өз бетімен келетін сияқты тәрбие, қызықты білімнің пайдалы сабақтарын аламыз.
Әрбір оқудан кейін «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы», «Балалар баспанасы» ММ және Павлодар қаласының №4 мектеп-интернатының балалары музыкант Константин Симоновтың орындауында көтеріңкі балалар әндерінің «қуатын» алды.
Күзгі демалыс балталды, ал «Шафердің музей-үйінде» оқу марафоны жаңа қатысушыларын күтеді.
Балалар кітаптары және әндері ескірмейді.
Н. Носовтың «Приключения Незнайки» кітабы білімді, еңбекті, серіктестікті, қарапайымдылықты құрметтеуге үйретеді.
Носовтың кітаптары бүгінгі күні де оқырмандар арасында танымал, өйткені жазушы өзінің «ақ жүрек» пен «көңілді талантын» балаларға берді.