Халықаралық ұстаздар күні және Павлодар облысының құрылғанына 80 жылдығы қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» Ұлы Отан соғысының қатысушы, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, КСРО еңбегі сіңген ұстазы, ағарту үздігі Рахимберды Жакиянович Аликов туралы естеліктер кеші өтті.
2018 жылғы 1 қазанда оның 100 жылдығын атап өттік. Ол қазір жанымызда жоқ, алайда оның жарқын бейнесі көптеген адамдардың есінде.
Ұстаздың ұзақ өмірінде еліміздің барлық тарихы өтті: аштық, Финдік және Ұлы Отан соғысы, құлдырау және қалпына келу жылдары және білімді мәңгілік аңсау.
Рахимберды Жакиянович ұстаз болу - ардақты арманының орындалуы үшін барлығын үлгеру және істеу идеясына толы болды.
Р.Ж. Аликовтың 90 жылдығына шығарылған «Дорога длиною в жизнь» кітабында өмірбаянының барлық кезеңдері ұсынылды.
Оның басшылығымен Майқайын, Екібастұз, Краснокутск мектептері күш жинады.
1996 жылдан бастап Р.Ж. Аликовтың өмірбаянында педагогикалық қызметтің ерекше тарауы - №3 жұмыс істейтін жастар мектебі.
Бұл - оның сүйікті балалары.
Кездесуде директор жайлы өздерінің естеліктерімен Кудерина Каламкас Баймурзовна, Садыков Жасулан Бакиевич, Капустина Наталья Михайловна және Наум Григорьевич Шафер бөлісті.
Н.Г. Шафер Р.Ж. Аликовтың парасаттылығы мен адамгершілігін ерекше құрметпен белгілейді.
Ол Наум Григорьевич Шафердің өмірінің қиын кезеңінде көмек көрсетіп, жұмыс істейтін жастар мектебіне ұстаз қызметіне қабылдаудан қорықпады, «Дунаевский сегодня» кітабын жазу кезеңінде Мәскеу және Ленинград архивтерінде жұмыс жасауға мүмкіндік берді.
Рахимберды Жакиянович еске алуына Абрамовтың орындауында «Эх, дороги» және «Услышь меня, хорошая» әндерімен ұстаздың сүйікті күйтабақтары ойнатылды.
Н.Г. Шафер жұмыс істейтін жастар мектебінде Күляш Байсеитованың шығармашылығы бойынша Рахимберды Жакиянович келген сынып сағатын да еске алды.
Осыны еске алуына 1948 жылы шығарылған К. Байсеитованың жазбаларымен күйтабақ ойнатылды.
1979 жылы «Вечерняя средняя школа» журналының «Учитель об учителе» айдарында Нами Гитиннің (Н.Г. Шафер) Р.Ж. Аликов туралы «Человек счастливой судьбы» мақаласы жарияланды.
Мақалада былай жазылған: «... В конце учебного года при подведении итогов смотра, каждому молодому труженику – среднее образование школе рабочей молодёжи № 3 г. Павлодара было присвоено первое место в Республике. А за успехи в обучении и воспитании учащихся Р.Ж. Аликова наградили значком «Отличник просвещения СССР»
Жастардың әскери-патриоттық тәрбие бойынша үлкен жұмыс туралы Павлодар қаласының №22 мектептің әскери даңқ музейінің басшысы Сайлау Бейсембаевич Акбаев айтып берді.
Рахимберды Жакияновичтің өзі мектепте осы музейге бастамашылық жасады.
Кездесуде мектеп музейі жауынгер-жеімпаздардың көптеген жеке экспонаттарын ұсынды.
«Шафердің музей-үйінің» концерт залында кеш бойы ұстаздың жарқын бейнесі үстем болды.
№3 жұмыс істейтін жастар мектебінде бітіру емтиханында жас тігінші Тамара Подгорнова «Халыққа берген өмір» тақырыбына (кеңес жазушылардың туындыларындағы коммунистердің бейнелері) шығарма жазған және осы шығармада ол үшін ең жоғары адамгершілік қасиеттерін нақтылы түрде көрсететін адамның бейнесін сомдады.
«Когда он входит в класс, сразу устанавливается строгая, серьёзная тишина... Незабываемы его уроки истории, обществоведения. Помню: на школьном вечере, посвящённом Дню Победы, ему вручили медаль. Он встал и сказал очень тихо: «Благодарю Родину...». Его скрытое волнение передалось нам. Мы сидели затаив дыхание, потом зааплодировали».
Шығармада жазылған адам – осы мектептің директоры Рахимберды Жакиянович Аликов болды.
Қазіргі мектептерде оқушылар өздерінің шығармаларында жазатын осындай басшылар болсын.