«Шафердің музей-үйі» және «павел Васильевтың музей-үйі» #challengerpromenade эстафетасын қабылдап, музей ауласында патефон музыкасымен таңғы жаттығу жасады.
Таңғы гимнастика жаттығулары 1953 жылғы күйтабақтардан ойнатылды. Алыстағы 50-жылдары Наум Григорьевич Шафер және Наталья Михайловна Капустина Шығыс Қазақстан облысының Малороссейка ауылынды күнде-күнде таңертең осы күйтабақтармен жаттығу жасап, мектепке мейірімділікті, парасаттылықты, мәңгілікті себуге асықты.
Күйтабақтардың сүйемелдеуімен музей қызметкерлері сергіп, күш жинап, жұмысқа дайын.
Жаңа күнді жақсы қарсы алсаң, күнің де сәтті өтер деп халық даналығы бекер айтпаған.
Сергек таң эстафетасы көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған мамандандырылған кітапханаға тапсырылды.
Эстафета жалғасады.