«Музыка. Песня. грампластинка»

Халықаралық музыка күні қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» дәстүрлі жұма күндері бойынша өткізілетін музыкамен кездесулердің маусымы ашылды.

Биыл кешіміз 10 жыл бұрын Мәскеу қаласында «Серебряные струны» баспасында шығарылған «Музыка. Песня. Грампластинка» кітабына арналған. Кітапқа «кеңес әнінің серісі», «жарқын жанды адам», өте жас, алайда жақсы әнге ғашық Валерий Сергеевич Франченкомен көптеген қалалардан кездескен, хат алмасқан, телефонмен хабарласқан топтама жиюшылар-филофонисттердің естеліктері, мақалалары енген.

Ол граммафон күйтабақтарының әуесқой табынушы, кеңес әндерін жинаушы және насихаттаушы, орындаушы өнері өкілдерінің аз емес бірегей жазбаларды сақтаған жан еді.

Валерий Франченко туралы өзінің естеліктерімен Наум Григорьевич Шафер де бөлісті: «Он спасал пластинки в самом прямом смысле этого слова. Выезжал на городские свалки, давал объявления в газетах. Его любимыми исполнителями были Бунчиков и Нечаев. Он собрал большое количество записей Александровича. Находил в радиокомитетах многие уже забытые записи песен Александра Долуханяна, Исаака Дунаевского, Эдуарда Колмановского, Зары Левиной, Анатолия Лепина, Константина Листова и других. Всё это систематизировал, распечатал на машинке и передал безвозмездно в дар музею».

Н.Г. Шафердің фономұрағатында Франченкодан бұрын жетекші болған орындаушылар Н. Поставничева, А. Яковенко, В. Захаров, М. Александрович, С. Хромченко, Е. Кибкало, В. Красовицкяның әйгілі әндердің магнитондік жазбалар да бар. Бірқатар магнитофон орауыштары дыбыстаудың қазіргі форматына көшірілді.

Валерий Франченко халықтың өнегелілігі, ең алдымен, оның музыкаға деген құмарлығымен анықталады. Ол өзінің тыңдармандарына емдік «массажымен» - бұрынғы эстрада вокалисттерінің орындауындағы кеңес композиторларының әндерімен әсер ететін.

Валерий Франченконы еске алуына өткен ғасырдың 40-жылдардың соңындағы Бунчиков пен Нечаевтың жазбалары ойнатылды.

Валерий Франченко, Наум Григорьевич Шафер секілді, терең ойға толы әндерді сұрыптап алатын. Онда нағыз музыкаға деген мүлтіксіз талғамы болатын.

Бүгінгі күні филофонист Валерий Франченко өмірде жоқ, алайды оның барлық топтамасы өнертанушы және «Музыка. Песня. Грампластинка» кітабының құрастырушысы Владимир Константинович Солоненкоға берілді, ол бүгінгі күнге дейін Наум Григорьевич Шафермен хат алмасып отырады.

Валерий Сергеевич «Я ощущаю себя очень счастливым, когда могу кому-то подарить желанную песню» - деп айтқанды жақсы көретін.

«Шафердің музей-үйінде» филофонисттердің мейірімді дәстүріне сүйене отырып, келушілерің көңілді, жақсы әндермен қуантады.

Күйтабақтар – мәдени мұраның кішкентай аралы. Оларды сақтау керек.

Граммафон күйтабағының әлемі соншалықты қызықты әрі сан алуын, күндердің бір күнінде оны түсініп бағаласаң, одан ешқашан бас тарталмайсын.

Музейдің концерт залында кездесулер маусымы ашылды. Сіздерді жаңа ашылымдар, қызықты кездесулер және көптеген әдемі музыка күтеді.

«И мы верны своей судьбе,

другими уже не будем.

И пусть – порой во вред себе –

свою пластинку крутим».

(Николай Добронравов)