«Цветаевский теплоход»

Апалы-сіңлі Марина және Анастасия Цветаеваларды еске алуына арналған іс-шаралар аясында, Павлодарда күзгі поэтикалық мереке қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» ақын, әдебиеттанушы, Марина Цветаева атындағы әдеби сыйлық иегері Ольга Григорьеваның «Цветаевский теплоход» очеркілер кітабының тұсаукесері өтті.

Мерекелік кеште №9 мектеп-гимназияның оқушылары, педагогикалық колледж шәкірттері, Павлодар қаласындағы цветаевалар қозғалысының белсенділері қатысты.

Кеште Марина және Анастасия Цветаевалардың өлеңдеріне жазылған бард Константин Симоновтың орындауында әндер айтылды.

«Саған 100 жылдан соң» айдарында Марина Цветаеваның 1918 жылдан өлеңдер композициясы ұсынылды.

Әдебиеттанушы Светлана Филиповна Нуркенова Марина Цветаеваның тағдырының кезеңдері туралы айтып берді.

Кітап авторы Ольга Григорьева «С Пастернаком по Уралу», «Один из рода Бенуа» бір қатар очеркілерді, және де 2006 жылы Мәскеуден Елабугиге дейінгі Марина Цветаеваның теплоходта 1941 жылғы жолымен саяхат жасаған уақытта жазған «Герой Александр Головачёв» өлеңін де ұсынды.

Әдебиеттанушының кітабы жайлы, шығармашылығы жайлы Лидия Прохорова, Галина Байкенова, Елена Степаненко айтты.

«Цветаевский теплоход» кітабы автордың әдеби саяхаттары, мұрағаттық құжаттарда табылған табыстары және «Литературный пейзаж Павлодара на фоне Иртыша» очеркісінде өзінің туған қаласы Павлодарға деген үлкен махаббаты жайлы көп қызықты оқиғаларды ашады.

Авторға шығармашылық, қызықты мақалалар және жаңа кітаптардың жарыққа шығуын тілейміз.