"Өзбекістан әуендері"

«Шафердің музей-үйі» фонотека материалдары бойынша «Өзбекістан әуендері» кезекті 55-музыкалық жинақты дайындады.

Жинаққа 1943-1963 жылдардағы патефон жазбалары, жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдардағы «Кругозор» журналының музыкалық беттері, Мулла Туйчи Ташмухамедов атындағы винил күйтабақтарының Ташкент зауытынан жазбалар енген.

Музей жинақты Қазақстанда Өзбекітан жылына арналған іс-шаралар шеңберінде дайындады.

Жинақты Павлодар облысының Қазақстан халықтары ассамблеясының Ұлттық жаңғыру мектебінің оқу сыныптарында ұсынатын боламыз.

«Народная музыка несёт в себе частичку самобытности народа, отражает его ментальность, она проверена временем и подобно дождю, капля за каплей, просачивается в сердце и оживляет его». (Дм. Шостакович).