«Оның өмірінде ертегі болған»

Осылай «Шафердің музей-үйінде» Анастасия Цветаеваның ұлы Андрей Борисович Трухачёвтың 106 жылдығына арналған кеш аталды.

1912 жылғы 22 тамызда Мәскеу қаласында Андреюшка туған. 1957 жылдан бастап 1972 жылға дейін Трухачёвтар отбасы Павлодарда тұрған. Павлодарға ұлына Анастасия Ивановна Цветаева да, Марина Цветаеваның қызы Ариадна Эфрон да бірнеше рет қонаққа келген.

Павлодарда А.И. Цветаева «Воспоминание» өзінің классикалық туындысын жазды.

Музейдегі кеш осы кітаптың «Рождение сына» тарауынан басталды: «Был августовский вечер, когда я сказала Борису: Я что-то устала... Вы мне вслух почитаете? Сейчас уже почти вечер! Я ложусь на диван, а Боря садится рядом, и мы проваливаемся в Ноздрева и Чичикова, в Манилова, Собакевича и Коробочку волшебством его мгновенного перевоплощения неподражаемого таланта чтеца.

И вот в это самое время, прямо в голос отца, прямо в Гоголя – начался рождаться сын».

Осы уақыттан бастап Андрей Борисовичты еске алдық, оның сүйікті орындаушыларын тыңдадық: Клавдия Шульженко, Эдит Пиаф, Леонид Утёсов.

Андрей Трухачёвтың 1958 жылғы 24 қарашада Мисхор курортынан Павлодарға жолдаған дыбыстық хаты кездесудің ашылуы болды.

Ялта студиясының иілгіш күйтабақ Павлодарға Мәскеуден Ольга Андреевна Трухачёвадан поштамен түсті.

Анастасия Цветаеваның отбасылық мұрағатынан Славян мәдени орталықтың Анастасия Цветаеваның музейіне көптеген біргей заттар түсті. Соның ішінде кеште ойнатылған күйтабақ та.

А. Цветаеваның сыйжазбасымен көптеген кітаптар оның ұлына және Павлодарға да жіберілген. Осылайша, тарихи оқиғалардың ұласуынан көптеген заттар қайта оралды. Цветаева-Трухачёвтар отбасының естеліктерін сақтаушысы Ольга Андреевнаға, рахметімізді білдіреміз!

Геннадий Васильевич Зеленин кеште 1943 жылы Андрей Борисовичпен, Рита мен оляның анасы болған, оның анасы Нина Андреевамен танысқаны туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Ольга Николаевна Григорьева Трухачёвтардың кітапханасынан кітаптарды, Андрей Борисович Павлодардағы достарынан Мәскеуде алған хаттарын ұсынды.

Гуляра Шамильевна Чистякова А. Цветаеваның талантына, рух күшіне қайран қалады. Анастасия Цветаевамен кездесулердің бақытты сәттері мен хат алмасулар да бірнеше рет түскен.

Осылайша, «Шафердің музей-үйінде» Андрей Борисович Трухачёвтың еске алу кеші ертегілік-музыкалық болды.