Міне көптен күткен жаңа оқу жылы да келіп қалды. Мектептер білім әлеміне есіктерін ашты. Балаларды жаңа ашылымдар, қызықты кездесулер күтеді. Әрбір саяхаттағыдай, ережелер мен теоремалардың шыңына шығуға көмектесуге ән келеді. Мектеп, мұғалімдер туралы әндер аз емес. «Шафердің музей-үйінде» «Школьные годы чудесные…» және «Школьный блюз» екі музыкалық жинақ дайындалды.
Музей фонотекасында «Радио-няня» бағдарламасының жазбаларымен ғажайып күйтабақтардың сериясы да бар, осы бағдарламаны «Маяк» радиосында Николай Литвинов, Александр Левенбук және Александр Лифшиц ұзақ уақыт жүргізді.
Радио-няняның көмегімен кез келген грамматика ережесін, қиын теореманы жаттауға оңай.
Ізгі кеңестер беретін бағдарламалар да бар: «Театрда қалай өзіңұстау керек», «Телефонмен қалай дұрыс сөйлеу керек», «Қонақтарды қалай қабылдау керек».
Әйгілі «Радио-няня» бағдарламасын барлық адамдар: балалар да, ересектер де сүйсініп тыңдады. Көңілмен айтылған орыс тілі грамматикасының қиын ережелері, жақсы мінез ережелері есте қалды:
«Радионяня», «Радионяня» - есть такая передача
«Радионяня», «Радионяня» - у неё одна задача
Чтоб все девчонки и все мальчишки подружились с ней.
Чтоб всем ребятам, всем трулялятам было веселей!
«Радио-няня» қызықты әрі көңілді сағаттарын «Шафердің музей-үйінде» тыңдай аласыздар. Бұл бағдарламаларды әжелер мен аталар сүйсініп тыңдаған. Жиырма бірінші ғасырдың ұлдары мен қыздарына осы «сабақтар» өте қызықты әрі пайдалы болады! Музейге келіңіздер де тыңдаңыздар!