Ақын, философ, ойшыл Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Шафердің музей-үйінде» «Қара сөздері», жас тындармандарға әндер айтылды. Ақынның шығармашылығы болашақ ұрпаққа арналған.
«Не для забавы я слагаю стих,
Не выдумками наполняю стих.
Для чутких слухом, сердцем и душой,
Для молодых я свой рождаю стих.
Кто сердцем прозорлив и чуток, тот
Поймёт, что в каждый я влагаю стих» (1889 ж.)
Оның «Қара сөздері» оқырман – әңгімелесушіге арналған, халық тағдырларының аясындағы жеке адамның өмір философиясы.
«Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді...», - дәл осыны жас ұрпақтармен кездесулерді айтамыз.
«Абай – біздің жол көрсеткіш жұлдызымыз», - деп Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілейді.
«Шафердің музей-үйінің» кітапханасында сирек кездестеін Мәскеу қаласы, 1945 жыл, көркем әдебиет баспасы, Мұхтар Әуезовтың кіріспе сөзімен «Избранное. Абай Кунанбаев»кітабы бар.
Н.Г. Шафердің граммафон күйтабақтарының топтамасында Е. Серкебаев, Р. Абдуллин, Ж. Елебековтың орындауында, мәтінді А. Байжанбаев оқыған Абай туындылары айтылған «Концерт-лекция. Песни Абая» күйтабағы да сақталған.
1949 жылғы сирек кездесетін патефон күйтабақтарының бірінде Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» классикалық туындысы жерлесіміз, Баянауыл ауданының тұрғыны Каукен Кенжетаевтің орындауында айтылады.
Абай Құнанбаевтың барлық шығармашылығы болашақ ұрпаққа арналған. Ол біздің ой-өрісімізді дамытуға үйретеді.
«Абай есть слава, песенный рассвет.
Кто ищет правду, у него ответ».
Корешкова Т.