Дәстүр бойынша «Шафердің музей-үйінде» шілденің бірінші жұмасында бірінші жартыжылдықтың кездесулер циклі жабылады.
Биыл осы іс-шара Астананың 20 жылдығымен сәйкес келді.
Концерттік бағдарламаның бірінші бөлімінде жас астанаға арналған павлодарлық авторлардың өлеңдері айтылды, «Астана – болашақ қаласы» жас павлодарлық суретшілердің жұмыстары ұсынылды.
Павлодар қаласының №1 және №2 балалар көркемсурет мектебінің балалары адалдық және жайдарылықпен баурап алады.
Өткен ғасырдың соңында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ойымен сәйкес балалардың суреттері «астанада армандар орындалатынын» айтады.
Астана өз арманына сену және оған жетуге мүмкіндік береді.
Осылай дәстүр бойынша маусымның жабылуы кешінде іс-шараларды өткізудегі бірлескен жұмыс үшін музейдің серіктестері мен волонтерлеріне алғыс білдіреміз.
Музейдің алғыс хаттарымен С.С. Стазаев, В.В. Гузей, Е.К. Такирбасов, К.И. Симонов, С.А. Немолочнова марапатталды.
Тыңдармандарымыздың өтінімі бойынша Н.Г. Шафер «бессарабия күйтабақтары» топтамасынан, үйлерінде тыңдауды жақсы көретін, сирек кездесетін патефон жазбаларынан концерттік бағдарламаны ұсынды.
Маусым жабылды, алайда музейде кездесулер жалғасады. Сүйікті әуендермен әрбіреуі өз «қазынасын» тапсын.