«Шафердің музей-үйінде» үйлену той күндері барлық отбасымен Мәкеу қаласынан Поповтар және Павлодардан Абильхановтар отбасы болды.
Дәстүр бойынша Наум Григорьевич Шафер қонақтарға қазақ әншісі Күляш Байсеиітованың сирек кездесетін патефон жазбаларын, композитор Анатолий Лепиннің «Московский вальс» және белорус халық әндерін ұсынды.
Қонақтар Мәскеу қаласындағы Апрель зауытында 1995 жылы шығарылған «Кирпичики» винил күйтабақтарының дыбыстық жолақтарынан Нами Гитиннің «Вечерний вальс» туындысын да тыңдады.
Жас жұбайлар Жұлдыз Абильханова мен Федор Поповқа музыкалық сый ретінде «Верность целине» CD-дискіден музейдің алғашқы қазақстандық бард Виктор Мильтоның «Я иду к тебе по звёздам» әні ұсынылды.
Өткен ғасырдың 70-жылдары университеттің географиялық факультетінің түлектері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетенің профессоры Аркадий Алексеевич және Татьяна Васильевна Поповтар Павлодар облысының Құрметті азаматы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы, музыкатанушы және композитор Наум Григорьевич Шафер (лақап аты - Нами Гитин) – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі туралы көп қызықты мәлімет алды.
Шәкірттік жастық туралы естеліктер патефон жанында, патефон күйтабақтары мен «патефон жанында» биге «айналды».
Ал, «Дети капитана Гранта» сүйікті фильміне Исаак Дунаевскийдің увертюрасы және «25 ИЮЛЯ» музейлік альбомынан Владимир Высоцкийдің «Парус» ұмытылмас әні қанша қуаныш әкелді.
Кішігірім кәдесый – «Кирпичики» күйтабағын – музей жас жұбайлардың үй ошағын «нығайту» үшін сыйлады.
Мәскеуден келген қонақтар өздерінің ММУ құрамымен музейге Мәскеу қаласында «Макс Пресс» баспасында шыққан Александр Тюриннің «Владимир Высоцкий в МГУ» кітабын сыйлады.
Осы кітапты 2018 жылғы 25 шілдеде сағат 16.00-де өтетін Исаак Дунаевский мен Владимир Высоцкийді еске алу кешінде қонақтарға ұсынамыз деп уәде бердік.
Демалыс және мерекелік күндерді отбасымен бірге қызықты өткізіңіздер!
Сіздерді барлық отбасыңызбен бірге музейге көруге қуаныштымыз!