22 маусым – өте ұзақ күн және қысқа түн. 77 жыл бұрын 1941 жылы осы күні Ұлы Отан соғысы басталуының алапат күні болды.
Қайғымен, үмітпен және ерлікпен қанықтырылған күн.
Жыл сайын «Шафердің музей-үйінде» «Құтқарылған ел есінде» науқаны өтеді. Тарихи оқиғалар туралы сөз қозғаймыз, соғыстың алғашқы күндерінің әндік шығармашылығын еске түсіреміз.
Ең қорқынышитысы - сол сұрапыл күндердің оқиғаларына балалардың қатысуы. Балалықпен қоштасқан қорғансыз, кішкентай жандар.
Бүгінгі күні балалар қорғалған, алайда олар біздің елімізді қорғаған жандарға құрмет білдіруді шешті. Апалы-сіңлілі Альвина және Адия Сулейменовалар «Балалар – бейбітшілік елшілері» науқанын ұсынады және Артекте өткен «Мәңгілік алау» Халықаралық балалар әскери-патриоттық ассамблеяға қатысқандары туралы айтты.
«Дети решительно настроены превратить взаимодействие в инструмент решения задач по сохранению мира» («Балалар бейбітшілік үшін» Ассамблеяның декларациясынан).
Кеңес жауынгерлерінің ерлігі мен даңқы туралы қазіргі ұрпаққа соғысен үйітілген әндер «айтып береді».
Музей фонотекасында музыкалық мәдениеттің осы «қабаты» да ұсынылды.
Тындармандардың назарына Валентина Толкунованың орындауында 1988 жылы шығарылған «Если б не было войны» әндер альбомі ұсынылды.
«Песнями этого альбома я обращаюсь к молодым солдатам, девушкам, которые ждут их возвращения из армии, мамам, детям, мирно живущим на этой Земле…
Пусть каждый для себя в этом альбоме найдёт свою песню, которая напомнит нам всех павших на нашей Земле. Да, если бы Земля умела говорить, то она бы спела для людей «Колыбельную миру». ( В. Толкунова).
Жинаққа «Элегия» ансамблі және Крутой мен Ашкеназидің басшылығымен музыкалық драма және әндер театр хорының орындауында Ашкенази, Морьян, Грибулина, Крутой, Стальмаков, Печников, Морозовтың өлеңдері енген.