Ұлы Отан соғысының басталуын еске алу және қайғы күніне орай «Құтқарылған ел есінде» дәстүрлі кездесулер аясында «Шафердің музей-үйінде» жауынгер-интернационалисттермен, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді.
1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы кеңес әскерінің шектеулі құрамының жауынгерлері Ұлы Отан соғысының жауынгер-жеңімпаздардың даңқты дәстүрлерін жалғастырады, жас ұрпақтармен кездеседі, өздерінің жауынгерлік жолдастар, жауынгерлік шайқас туралы айтады.
Соғыс жауынгерлері соғысты бастамайды, алайда басқарушылардың қателіктері үшін өз өмірлерімен зардабын тартады.
Оразбай Жасауович Мустафин балалардың сұрақтарына жауап беріп, шайқас туралы сенімді айтып, өзінің алғашқы марапаты - «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін мақтанышпен ұсынды.
Павлодар қаласының №8 лицей оқушылары Ауған соғысының ардагері Оразбай Мустафиннен ерлік және Отанға деген махаббат сабағын алды.
Покуда сердца стучатся, -
помните!
Какой ценой завоёвано
счастье, -
пожалуйста, помните!
Р. Рождественский