Тарихи күн - Ұлы Отан соғысы басталуын еске алу және қайғы күні қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» «Балалар – бейбітшілік өкілдері» науқаны өтті.
Альвина және Адия Сулейменовалар – «Артек» қабылдаған Халықаралық балалар әскери-тарихи Ассамблеясының «Мәңгілік алау» ЖДО қатысушылары – «Біздің жеңісіміздің тарихы» 2018 жылғы бесінші ауысымда «Балалар бейбітшілік үшін» Декларациясына қатысқандары жайлы айтты.
Апалы-сіңлілер бес жыл бойы ата-бабаларының жеңістері парақтарын оқып ашады. Жыл сайын 22 маусымда «Шафердің музей-үйінде» «Құтқарылған әлем есінде» еске алу кештеріне қатысады.
«Мы заявляем о решимости развивать международный молодёжный диалог для сохранения исторической памяти народов, всестороннего развития и гражданской активности молодых поколений», - гласит один из пунктов Декларации «Дети за мир».
Альвина және Адия, олардың әжесі Валентина Валентиновна Гузей (Филатова) Артектегі іс-шаралар, кездесулер жайлы көп қызықты деректерді айтты.
№3 гимназия, Павлодар қаласының №8 лицей жанындағы сауықтыру орталықтарының балалары Декларияға өз қолдарын қойды.
«Пункт 6. Пусть нас объединяет стремление к знаниям, которые мы поставили на службу высоким идеалам человечества…
Пункт 10. Мы решительно настроены превратить наше взаимодействие в инструмент решения задач сохранения мира.
Вечный огонь памяти - во имя будущего Мира!»