«Шафердің музей-үйінде» Казаньнан Ф.И. Шаляпиннің шөпшегі Ольга Орловская танымал әншінің мерейтойына орай Ресей Федерациясы Татария мәдениет министрлігімен дайындалған буклетті тапсырды.
Оралық әнші және педагог Ольга Орловская ұлы Федор Иванович Шаляпиннің 145 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Казаньда концерт берді.
Әнші О. Орловская концерттермен бүкіл Ресейді аралып шықты, Қазақстанға келді, біздің Павлодар қаламызда да концерті болды.
Музейге игі тілектермен буклетке қол қойғанда осы сәттерде еске алды.
Бүгінгі күні ол АҚШ-да өмір сүріп, концерт және сабақ береді.
2012 жылы музейіміздің фонотека материалдары бойынша дайындалған «Мой старый патефон» альбомі сыйға берілді. Альбомның екінші дискісінде петфон күйтабақтарына түсірілген Ф.И. Шаляпиннің 1911, 1927, 1932 жылдардағы жазбалары ұсынылған.
А.С. Пушкиннің туған күніне орай музейдің әдеби-музыкалық кешінде павлодарлық ақын Ольга Григорьеваның музейге қолтаңбаны тапсырғаны есте қаларлық оқиға.
Осылай музыка және поэзия елдерді, ұрпақтарды біріктіріп, контингенттердің рухани жақындауына қызмет етеді.