Жаз – кездесулер маусымы

«Шафердің музей-үйіне» Америкадан келген қонақтар – Орталық Азия бойынша ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық директоры, доктор Тимати Коллинс және Ольга Патерова жеке сапармен келді.

Қонақтарды дыбыссыз киноның музыкасы қызықтырды. Наум Григорьевич Шафер Чарли Чаплиннің сирек кездесетін патефон жазбаларын ұсынды.

Әңгіме барысында Дмитрий Шостакович пен Моисей Вайнбергтің музыкасы жайлы айтылды.

Тимати Коллинс келесі кездесуде көптеген кеңес фильмдерінен М. Вайнбергтің туындыларымен Вашингтондағы оркестрдің материалдары мен жазбаларын ұсынуға уәде берді.