Жыршы-ақын Василий Лебедев-Кумачтың 120 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» патефон музыкасының кеші арналды.
Лебедев Кумачтың өлеңіне жазылған «Весёлые ребята», «Цирк», «Дети капитана Гранта», «Моряки» кеңес кинофильмдерінен Исаак Дунаевский, Александр Александров, Василий Соловьев-Седой, Покрасс ағайындылар, Юрий Малютин, Илья Жаканың әйгілі өлеңдері айтылды.
Топтама жиюшы, музыкатанушы Наум Григорьевич Шафер өлеңдердің тарихын ашып, мәтінге түсінік беріп, патефон тұтқасын іске қосты және зал XX ғасырдағы әндердің еліктіріп әкететін дыбыстарға толды.
2006 жылы Мәскеу қаласының «Серебрянные нити» баспада Владимир Солоненконың редакциясымен, Н.Г. Шафердің «Был ли грешен Лебедев-Кумач?» мақаласы жарияланған «Музыка. Песня. Грампластинка» жинағы шықты.
«… поэт сам может отлично защитить себя своими песенными строками! Без применения аппарата принуждения многие из них вошли в быт как пословицы и поговорки - и здесь его соперниками являются только Крылов и Грибоедов», - деп Наум Григорьевич өзінің мақаласында атап өтеді.
Василий Лебедев-Кумачтың өлеңдері бүгінгі күні де «бізге өмір сүруге көмектеседі...»:
Чтобы тело и душа были молоды,
Ты не бойся ни жары и ни холода,
Закаляйся, как сталь!
Лебедев-Кумачтың ұмытылмас өлеңдерін тыңдай отыра, ретро музыканың әуесқойлары жастық шақты және өткен жастықтың фильмдерін еске түсірді.