Дәстүр бойынша Славян жазбалары мен мәдениеті күні «Шафердің музей-үйі» және Славян мәдени орталық жанындағы «Анастасия Цветаеваның музейі» павлодарлықтарды, шәкірттерді А.И. Цветаеваның туындыларын талқылауға шақырады.
2018 жылы А. Цветаеваның «Воспоминания» мемуарлы романнан «Поездка к Горькому. Встреча с Мариной» тарауы талқылау тақырыбы болды.
А.И. Цветаева осы туындымен жұмыс жасауды 1957-1959 жылдары өзінің ұлы Андрей Борисович Трухачёвта Павлодарда қонақта болғанда жалғастырды.
Конференцияға Алматыдан келген филолог Елена Игоревна Кашинцева, М. Цветаева атындағы халықаралық сыйлық лауреаты, ақын Ольга Григорьева, Новосібір қаласынан педагог Елена Николаевна Стражелковская, «Анастасия Цветаеваның музейі» волонтёрі Лидия Семёновна Прохорова және педагогикалық, экономикалық және технологиялық колледж шәкірттері қатысты.
Талқылау барысында «Шафердің музей-үйі» фонотекасынан VII Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы Бүкілодақтық конференцияда (1932ж.) және І Бүкілодақтық кеңес жазушыларының съезінде (1934ж.) А.М. Горькийдің сөзінің аудиожазбасы тыңдатылды.
Конференцияда Анастасия Цветаеваның Горькиймен достығы, кездесулері туралы, Марина Цветаева мен Горькийдің хаталмасуы туралы, Горькийдің 60 жылдығына орай Андрей Трухачёвтың сыйлығы туралы, Горький жайлы Ходасевичтің естеліктері туралы айтылды.
«Я так же нежно вспоминаю этого сложного большого человека, и всё так же люблю его книги», - деп А.И. Цветаева өзінің «Воспоминаниях» кітабында жазды.
«Горький – это музыка, а не человек... Когда он улыбается, и человечески писательская зоркость течёт от улыбки - в перо...
Его улыбка – обаятельная, молодая. А смех – добрый, нежный... горячим улыбнувшимся шёпотом: замечате-е-льно. Это не слова. Это горячий ветер у губ...» (А. Цветаева).
Ал мынау Горькийдің А. Цветаеваға жазған хатынан:
«Ваше письмо «улыбнулось всему человечеству...»
Анастасия Цветаева мен Максим Горькийдің достығы «өзінің жоғары табиғилығында - сондай күтпеген жерден, сондай ғажап!».
Кездесуде А. Цветаеваның осы ұмытылмас кездесулер болған керемет Италия туралы сүйікті туындылары да ойнатылды.
Эрнесто де Куртиса «Вернись в Сорренто» әні жазбада итальян тілінде Энрико Карузоның орындауында, орыс тілінде тенор, әйгілі опералық ариялардың, Михаил Александровичтың неаполитандық әндердің орындаушысының орындауында тыңдалды.
Дәстүр бойынша конференция адресіне Анастасия Ивановна Цветаеваның кіші немересі Ольга Трухачёвадан сәлемдеме хаттар келеді.
«Дорогие друзья! Трудно поверить, что вы уже в ШЕСТОЙ РАЗ собираетесь вместе на конференцию по творчеству бабушки моей - Анастасии Ивановны Цветаевой. Поздравляю вас с этим событием. Радостно, что в конференции участвуют студенты педагогического колледжа. Я помню, как в Павлодаре бабушка смотрела фильм о Горьком в кинотеатре «Пионер». И когда увидела актёра, игравшего Горького, сказала громко, что цвет глаз другой, но для неё было радостно узнать его.
Добрых встреч вам и новых открытий.
С уважением, Ольга Трухачёва.
22 мая 2018 года. Москва.
И, как писал А.М. Горький: «Жизнь – это движение совершенствования духа».
Жазушылардың мерейтойлары бізді олардың шығармашылық мұрасын тереңірек зерттеуге, оқу аудиториясын кеңейтуге, жазушының қоршаған ортамен танысуға, оқығанды түсінуге шақырады.
Осылай павлодарлықтар жазушы, кеңес әдебиетінің классигі Алексей Максимович Горькийдің 150 жылдығына кірісті.