Мамыр айы мерекеге толы. Олардың ішінде, бүкіл Жер шары тойлайтын – Халықаралық мұражайлар күні – кішігірім мереке де бар.
2018 жылы осы мереке «Өз аудитория шеңберінен шығып, мәдени мұраның сандық жүйеге келтірілген топтамасын дәріптеумен жаңа келушілерді тарту» ұранымен өтті.
«Шафердің музей-үйінде» осы күні топтама жиюшы, музыкатанушы Наум Григорьевич Шафердің үйдегі жеке мұрағатынан сирек кездесетін жазбалар, патефон кеші өткізілді.
Сонау Бессарабиядан Наум Григорьевичке «Принцессу цирка» Кальманның опереттасы мен жүрекке жылы тиетін «Румынское танго»-ны тыңдауға ұнататын оның ата-анасын, әжесін еске түсіретін дискілер маңғазданып айналды.
Мұражай мерекесіне орай композитор Исаак Осипович Дунаевскийдің отбасылық мұрағаттан патефон күйтабақтары ойнатылды. Өткен ғасырдың 90-жылдары «Дунаевский сегодня» кітабының шыққаны үшін алғысын білдіріп, композитордың үлкен ұлы Евгений Н.Г. Шаферге қырық күйтабақ сыйға тартты. Кеште әнші Мария Андерсонның орындауында композитор Шуберттің туындыларының жазбалары ойнатылды. Және де, кеште КСРО халық әртісі Күляш Байсейітованың орындауында Евгений Брусиловскийдің алғашқы қазақ операларының жазбалары дыбысталды.
Халықаралық мұражай қоғамдастығының экс-президенті Жака Пероның айтуынша: «Музеи должны занять место в сердце общества. Они должны быть открыты общественности. Музеи и общество должны работать в духе творчества и инноваций».
Кеште 12 жыл ішінде фонотека материалдары бойынша музей қызметкерлерімен дайындалған музейлік музыкалық жинақтарының каталогі ұсынылды.
50 CD-диск Н.Г. Шафердің граммафон күйтабақтарының бірегей топтамасының музыкалық маржандарына сандық форматта қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әдеттегідей, мұражайлар зор ғылыми-ағартушылық және білім беру-тәрбиелік жұмысты жүргізеді, мәдениетті байытуға және адамдар арасында ынтымақтастық пен бейбітшілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Мұражай күні әрбір пенде өзіне лайықты орын тауып, тамашамен кездесуге аттансын. Сіздерді жаңа ашылымдар мен жарқын әсерлер күтеді!