Жеңіс әндері

Павлодар қаласының мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушылары, «Балалар баспанасы» ММ тәрбиеленушілері және «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ тәрбиеленушілері дәстүр бойынша Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» Ұлы Отан соғысы жылдары туған әндер тарихымен танысады.

Бұл - соғыстың қиын жолдарынан өткен әндер

Ерлік пен қайраттылық әндері.

Олар өмір сүруді жалғастырып, келешек ұрпаққа айтылады.

«Священная война» (Лебедев-Кумач - Александров); «Моя Москва» (Леснянский - Дунаевский); «Песня защитников Москвы» (Сурков - Мокроусов); «Заветный камень» (Жаров - Мокроусов); «Тёмная ночь» (Агатов - Богословский); «Эх, дороги» (Ошанин - Новиков) және тағы басқа әндер қарапайым кеңес сарбазының ерлігі, Жеңімпаздың халықтық ерлігі туралы еске түсіреді.

«Женщины Победы» кітабынан Орал қаласының Мәншүк Мәметова атындағы мемориалды музейдің «Фронтовички» клубы туралы көптеген қызықты оқиғаларды білдік.

Әндер – адамдар секілді: әрбіреуінің өз биографиясы, өз тағдыры бар!

Олар уақытты, ұрпақтарды, халықтарды біріктіреді.

Әндер бейбітшілік пен ізгілік үшін айтылсын.