Шығармашылық кездесу

«Шафердің музей-үйінде» Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында педагогикалық еңбек ардагерлері, «Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздіктері» Ерсин Каскиевич Такирбасов пен Людмила Ивановна Асеева өздерінің шығармашылық жобаларын: «Двое» фотоколлаж және «Живое слово – ключ небес!» аудиокітабын ұсынды.

Суретші, фотограф Е.К. Такирбасов көптеген жылдар бойы «фотоаппарат объективінің қырағы көзімен» Павлодар Ертіс Өңірінің оқиғалар, кездесулердің кадрларын түсірген. Және де міндетті түрде – «Двое» кадрінде – суретшілер, педагогтар, ардагерлер, балалар... Олардың барлығы – осы уақыттың тарих шығарушылары!

Асеева Людмила Ивановна – Қазақстан Халықтары ассамблеясының Павлодар Ертіс Өңірінің молдав-румын орталығының өкілі, өзінің мәнерлеп оқу және ақын талантын ашты. Оның өлеңдері «Живое слово – ключ небес!» жинағынан оқылды. Бұл – туыстар жайлы, өмір жайлы және Л.И. Асеева басшылық еткен Оқушылар сарайының іздеу отрядының үлкен жұмысы туралы өлеңдер.

Альвина және Адия Сулейменовалар әпкелер дуэті Ресейдегі «Артек» Халықаралық балалар орталығына бармас бұрын, патриоттық әндердің кішігірім концертін берді.

Қыздар Светлана Медведева басшылығымен Ресей жастары бастамасының орталығының конкурс жеңімпаздары атанды.

«Вечный огонь - 2018» Халықаралық балалар әскери-тарихи ассамблеясында біздің өңірімізді, елімізді ұсынатын болады.