Ұлы Отан соғысы жылдары туған әндер тарихынан

Дәстүр бойынша Жеңіс күні ұлы мерекесі қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» Ұлы Отан соғысының сұрапыл уақытында туған өлеңдер туралы әңгімелер, кездесулер циклі өткізіледі.

Павлодар қаласының №14 мектептегі Кеңес Одағының Батыры И. Панфилов атындағы әскери даңқы музейінде И. Дунаевскийдің музыкасына М. Леснянский мен С. Агранянның «Моя Москва» өлеңі ұсынылды.

Өлеңді ақын Марк Леснянский 1941 жылғы қарашада жазған, 1942 жылғы ақпанда өлең «Новый мир» журналында жарияланған. Сол 1942 жылы композитор И. Дунаевский музыканы жазды, Теміржолшылардың Орталық мәдениет үйі ансамблінің режиссері Сергей Агранян өлеңнің қайырмасын толықтырды:

Мы запомним суровую осень

Скрежет танков и отблеск штыков,

И в веках будут жить

Двадцать восемь...

Самых храбрых твоих сынов.

Алғашқы рет осы өлең Улан-Удэға жақын Дивизионная стациясында орындалған болатын.

1943 жылы «Моя Москва» өлеңі күйтабаққа жазылған.

Өлеңді алғашқы орындағаннан тыңдармандар биске қабылдады.

1995 жылдан бастап «Моя Москва» әні ресми түрде Ресей Федерациясының әнұраны болды.

Жеңістің 65 жылдығына музей Исаак Дунаевскийдің соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы өлеңдермен «Подымайся, чудо-Родина!» жинағын шығарды.

Жинаққа «Моя Москва» өлеңі де енген.

Бүгінгі күні осы жинақ №14 мектептегі Кеңес Одағының Батыры И. Панфилов атындағы әскери даңқы мектеп музейінің қызметіне тапсырылды.

№14 мектептің мәжіліс залында «Поречье» казак ансамблі (басшы Сергей Князев) Ұлы Отан соғысының ұмытылған әндерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

Бүгін 1941-1945 жылдардағы өлеңдер – Ұлы Жеңіс батырларының ерліктері, музыкалық мұрасы туралы еске салу.