Поэзияның дыбыстама сөзі

Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейінде «Шафердің музей-үйі» Ресейдің жетекші мәнерлеп оқушы, Ресейдің халық әртісі, Әдебиет және өнер саласында Мәскеу Үкіметінің сыйлық иегері, Ресей театралды өнер академиясының профессоры Антонина Михайловна Кузнецованың шығармашылығын ұсынды.

Көптеген қалалар мен елдерде А. Кузнецова Күміс ғасырдың ақыны – Марина Цветаева жайлы поэтикалық кештерді ұсынады.

«Шафердің музей-үйінің» фонотекасында Марина Цветаеваның «Мой Пушкин» (фрагменттер) және Владимир Высоцкийдің «О времени и о себе» (балладалар) күйтабақтарына жазылған Антонина Кузнецованың аудиожазбалары сақталған.

Цветаева, Самойлов, Высоцкий, Гёте, Герцен, Грибоедов, Пушкиннің зияткерлік оқулары поэзияның жоғары сөзіне ешкімді бей-жай қалдырмайды.

«... время для меня живой организм. Я всегда знала, что у времени есть свой ритм, у него есть своё дыхание. Оно вокруг меня и за моими плечами всё время дышит, я его ощущаю...» (Антонина Кузнецова).