«Шафердің музей-үйінде» Наум Григорьевич Шафердің «День Брусиловского» жаңа кітабы ұсынылды.
Он жыл бойы тараудан тарау «Нива», «Простор», «Мысль» республикалық әдеби журналдарында басылып шығарылды.
2018 жылғы қаңтарда Павлодар қаласының «Сытин ЖК» баспасында кітаптың 100 данасы шығарылды.
Н.Г. Шафердің шәкірттік жылдары, оның композитор Евгений Брусиловскиймен кездесуі, Нами Гитиннің композиторлік лақап атының тууы, «Печорир» операсының шығуы және басқалар туралы кітап.
«День Брусиловского» мемуарлы романында ұлы композитор Евгений Брусиловскийдің тірі бейнесін көркемсурет құралдарымен ашу әрекеті алғашқы рет құрылды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында маңызды қоғамдық оқиғалар аясында баяндалады және автор Наум Григорьевич Шафердің өмірлік эпизодтарымен тығыз байланыста үйлеседі.
Музейде кітаптың презентациясында мәскеулік режиссер Вячеслав Ребров, павлодарлық ақындар Ольга Григорьева, Константин Лунин кітапты оқып, олардың пікірлері айтылды.
Педагогикалық еңбек ардагері Нина Андреевна Мазина театралды, музыкалық, мәдениеттік Алма-Аты туралы естеліктерімен бөлісті.
Алматы қаласынан келген қонақ, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Социалистік еңбек қайраткері Рафика Нуртазинаның туысы Гульнур Дюсеновна Хакимжанова Алма-Атыда Евгений Брусиловскийдің алғашқы қазақ операсына отбасымен бірге баруы туралы өзінің естелігімен бөлісті.
Бүгін «День Брусиловского» кітабы «поднимает волну интереса к творчеству композитора и его роли в истории музыкальной культуры Казахстана» (Қазақстан мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, алматы қаласынан композитор Бакир Баяхуновпен хат алмасуынан).
Кітап Павлодар облысының 80 жылдығына және автордың туған күніне шығарылды.
Ұстазы туралы естелігі үшін Шәкіртіне рахмет!