«Шафердің музей-үйінде» «Би ырғағында» музыкалық кеш өтті.
Исаак Дунаевскийдің вальстері, ирландық, шотландық билердің дыбыстары патефонда күйтабақтардан естілді.
Виктор Вагнер ирландық билермен әуестенушілікпен бөлісті.
Евгения Юдинцева жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдары Ленин комсомол атындағы мәдениет үйі жанында ұйымдастырылған павлодарлық опереттаның әртістері орындаған билер туралы айтып берді. Оперетталардағы билерді свердлов театрінің балеринасы Марина Злобина қойды. Жылдарға қарамай, павлодарлық опереттаның әртістері өз би сабақтарын ұмытпайды.
Славян мәдени орталық жанындағы «Серебрянные струны» авторлық ән клубының мүшесі Константин Симонов жиналған қауымға өзінің жақсы көретін би әуендерін: твист, тангоны орындады.
Бір сөзбен айтқанда, би әуендерінің калейдоскопі «Шафердің музей-үйінде» музыкалық сағаттың тыңдармандарын бей-жай қалдырмады.