«Были на виниле»

2018 жылғы 13 сәуірде «Шафердің музей-үйінің» концерт залында «Дос-Мұқасан» ВИА ансамблінің 50 жылдығы мен Бүкіләлемдік рок-н-ролл күніне орай ыңғайластырылған ынғайластырылған, ансамбльдің шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.

Тыңдармандарға ансамбльдің құрылу, оның атауы, шығармашылық жолының тарихы ұсынылды. Сондай-ақ, музей фонотекасынан 1975 жылғы винил күйтабағында ансамбльдің композицияларын тыңдау мүмкіндігі болды.

«Дос-Мұкасан» ВИА граммафон күйтабағында өздерінің әндерін ғана емес, басқа да қазақстандық композиторлардың әндерін орындайды. Ансамбль қатысушыларының өңдеуінде әр түрлі халықтардың әндері айтылады.

Сондай-ақ, кеште 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілген «Дос-Мұқасан» деректі фильм-концерттің кадрлары ұсынылды.