Әнші Артур Айдинянның 95 жылдығына және оның ұлы көркем сыншы, өнертанушы Станислав Айдинянның 60 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» музыкалық кеш өтті. Жиырмасыншы ғасырдың 50-60-жылдардағы әйгілі орындаушы, Армян СРО Халық әртісі Артур Айдинянның орындауында әндердің патефон жазбалары ойнатылды.
Топтама жиюшы, музыкатанушы Наум Григорьевич Шафер 1955 жылғы сирек кездесетін біргей жазбаларды тыңдауға ұсынды.
Осы күйтабақтарды жас мамандар Наум Шафер және Наталья Капустина өздерімен бірге университетті бітіргеннен кейін Алма-Атыдан Шығыс Қазақстан облысының Малоросейкаға алып келген болатын.
Артур Айдинянның жұмсақ дауысы жас педагогтарға мамандықты игеруге көмектесті. «Надо мной тихо звёзды мерцают», «Принцессита», «Лунная серенада», «Дорога в лесу».
Кеште ойнатылған аудиожазбалардағы барлық әндер тыңдармандарымыздың шабытты қол шапалақтаумен бөлінген.
Әкесінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қызықты ақпаратпен оның ұлы Станислав Айдинян бөлісті.
Кештің өтілуі туралы біліп, Станислав Айдинян бірегей сурет, радиожазба мен телесұхбатты ұсынды.
«Я как старая скрипка
В потёртом футляре, -
Храню в себе,
В своём деревянном теле,
Струнные голоса
Забытых мелодий:
Когда их слушая,
Понимаем,
Что жизнь – это звук,
Только звук...»
Осылай жазушы-мемуаршы Анастасия Ивановна Цветаеваның әдеби хатшысы Станислав Артурович Айдинянның өлеңі айтылады.
Алғашқы кездесу сәтінде А. Цветаева 88 жаста болатын. 10 жылға жуық Станислав Артурович А. Цветаеваның кітаптарына редакция жасап құрастырған, оның жаңа кітаптарына кіріспе мақаласының авторы болды.
Бүгінгі күні Станислав Айдинян – Ресей-итальяндық «Академия Феррони» вице-президенті, Жазушылар одағының халықаралық қоғамдастығының әдеби сыйлық иегері.
«...мастерство его редакторское не случайно... Станислав – действительно писатель. Его интеллектуальная проза возвращает к тем эпохам и странам, когда из прошлого в будущее прорастали вневременные произведения, плоды мысли, изображения, принимавшие форму эссе, легенд, философских новелл», - осылай өзінің хатшысы туралы Анастасия Ивановна Цветаева айтты.
Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейінде Станислав Айдинянның сыйлық қағазымен кітап сақталған.
Әкесінің ашық, игі естелігі үшін баласына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
2018 жылғы қыркүйекте музейдің концерт залындағы кездесулер маусымы 1956 жылы шығарылған, басты рөлді Артур Айдинян ойнайтын «Сердце поёт» көркем фильмді шолумен ашылатын болады.
Бізді жаңа ашылымдар мен әсерлер күтеді.