«Кітаптың туған күні»

 

Көктемгі демалыс күндері балалар мен оқушыларда көптеген қызықты әрі кезек күттірмейтін істер болады.

Дәстүр бойынша балалар кітабының апталығы өтеді, Халықаралық балалар кітабының күні де атап өтіледі.

Алғашқы рет «Кітаптың туған күні» кітап мерекесі балалар жазушысы Лев Кассильдің бастауымен 1943 жылғы 26 наурызда Мәскеу қаласындағы Одақ Үйінің Колонналық залда өткізілді.

Міне 75 жыл бойы осы мереке бізбен бірге!

1967 жылы Балалар кітабы бойынша халықаралық кеңестің бастамасымен және шешімімен қазіргі уақытта бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық балалар кітабының күні атамаша мереке аталған. Осы мереке -2 сәуір – ертекші Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде аталатыны туралы шешім қабылданды.

Әр мереке – ол кітаппен, автормен кездесу.

«Шафердің музей-үйіне» осы мерекелік көктемгі күндері балалар кітабымен кездесуге №17 балалар бақшасы, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, «Балалар баспанасы» ММ тәрбиеленушілері келді.

Біз балалар әдебиетінің классигі Сергей Владимирович Михалковтың 105 жылдығын атап өттік.

Балалар жазушының «Дядя Степа» «ескірмейтін» туындысын қызығушылықпен қарады. Олар ересектер мен балалар жазушысы С.В. Михалковтың туындылары бойынша өз суреттер альбомін құрды.

Кітап мерекесі – бұл танымал ертегілер мен шығармалардың дамерейтойы.

2018 жылы Сергей Аксаковтың «Детские годы Багрова-внука» повесіне қосымша - «Аленький цветочек» ертегісіне 160 жыл толады.

Ал тағы бір кездесу Юрий Олешаның «Три толстяка» ертегісіне арналған.

Балалар барлық шығармаларды оқып, музей фонотекасында сақталған күйтабақтарда аудиожазбаларды да тыңдады.

«Книга - это волшебница. Книга преобразовала мир. В ней память человеческого рода, она рупор человеческой мысли! Мир без книги - мир дикарей» (Н. А. Морозов).

Кітапты оқудан жалықпаңыздар. Оқу өнері – басқалардың көмегімен ойлар өнері болып табылады.

«Хорошие книги никогда не стареют, им даны вечная молодость и обновление во времени» (В.Г. Лидин).

Балалар кітабының мерекесі жыл бойы бізбен бірге болсын!