«Мой труд мне дорог тем, что я живу»

«Шафердің музей-үйінде» қызықты адамдармен кездесулер циклінде, Павлодар облысының 80 жылдығына орай павлодарлық ақын, «Майдан жолы» іздестіру отряды қозғалысының белсенді мүшесі Рафаэль Мухамеджановпен шығармашылық кездесу өтті.

Өлеңдерінің бірінші топтамасы «Имидж ПВ» газетінің беттеріне жарияланған, Павел Васильев атындағы павлодарлық әдеби қоғамының 50 жылдығына және 60 жылдығына орай оның өлеңдері «Радуга над Иртышом» және «Павлодарские облака» ұжымдық жинақтарына енген.

Кездесуде Рафаэль Шамильевич «Майдан жолы» атты «Қазақстан Алюминийі» АҚ патриоттық қоғалысының қозғалыстары туралы, қазба жұмыстары мен Псковскийде, Ленинград жерінде, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған сарбаздардың есімдерін қайтаруға іздестіру отрядына қатысқаны туралы естеліктерімен бөлісті.

Р. Мухамеджанов туралы жылы лебіздерін оның әріптестері, жолдастары Иван Кандыбаев, Людмила Асеева, Константин Симонов, Александр Казаков, Наталья Млынцева білдірді.

«Воля» казак халық ансамблінің қатысуымен Рафаэль бірқатар фольклорлық әндерін ұсынды.

Наум Григорьевич Шафер Рафаэль Мухамеджановқа «Вечер танцев» фортепианоны сүйемелдеудегі баритонға 2016 жылы мини-моноопераны жаңартқаны үшін алғыс білдірді.

Бұл туынды «Вечер танцев» музейлік музыкалық жинаққа енген.

Бір жолы, қазақстандық скрпикашы, Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Ордабек Дүйсенмен кездескен кезде, Р. Мухамеджанов, А. Бейсенов және Е. Панченконың орындауында Нами Гитиннің (Наум Шафер) туындысы үздік, мақұлдап бағаланған.

Кеште де Н.Г. Шафер мен Н.М. Капустинаның отбасын құрғанына 63 жылдығына орай осы туынды қайтадан орындалды.

Рафаэль Мухамеджановтың өлеңдеріне жазылған әндер қаламыздың концерттік алаңдарында, Славян мәдени орталық жанындағы «Серебрянные струны» авторлық ән клубының мерекелік концерттерінде орындалады.

Мой труд мне дорог тем, что я живу,

Живу, слагая в нём душевные порывы,

И кажется порой, что опьянен я не вином,

А утренним мотивом,

С которым в такт шагаю к проходной,

С которым просыпается природа,

И не смущает дождик озорной,

Когда со мной друзья шагают в ногу.

И так по жизни смело мы идём,

Нас общий труд объединил когда то,

и если ты работой окрылен,

И не стеснен достоинством оплаты,

То значит путь наш предопределён

И освещен величием свершений,

Ведь мы для этого на свете и живем,

Чтоб быть примером для грядущих поколений.

(Р. Мухамеджанов)