2018 жылғы 23 наурызда «Шафердің музей-үйінің» концерт залында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Музыкалық кештің тақырыбы сал мен серілердің, сондай-ақ Даланың ақын-жыршы, ақын-сазгерлердің шығармашылығы болды. Осы әртістерсіз ешбір халықтық мереке аталмаған.
Кеште сал мен серілердің айқын сипатары, олардың шығармашылығы жайлы айтылды.
Сал мен серілер әрі музыканттар, әрі композиторлар, әрі ақындар да болды. Тарихқа келесі сал мен серілердің аттары енген: Сегіз сері, Біржан сал, Ахан сері, Тәттімбет, Үкілі Ыбырай, Естай.
Сал мен серілердің көптеген өлеңдері халықтық атағына ие болды. Олардың ішінде, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», Сегіз-серінің «Назқоңыр», Ахан серінің «Балқадиша», Естай Беркімбаевтың «Қорлан». Іс-шарада осы туындылар КСРО Халық әртістері Ермек Серкебаев, Ришат Абдуллин, Мүслім Абдуллин, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Рамазан Стамғазиев және Қайрат Байбосыновтың орындауында айтылды. Осы әндердің жазылу тарихы айтылды.