«Шафердің музей-үйінде» Ресей Федерациясының цветаеватанушылар Наталья Савельева және Юлий Пустарнаковтың қатысуымен «Поэзияның сиқырлы дыбыстары» әдеби-поэтикалық сағат өтті.
Граммафон күйтабақтарының дыбыст жолағынан Павел Васильевтың, Марина Цветаеваның өлеңдері, ал кейбір күйтабақтардан ақын Евгений Евтушенко, Роберт Рождественскийдің дауыстары да естілді.
Кездесудің қонақтары Марина Цветаева, Павел Васильев, А.М. Горький және бірқатар басқа ақын классиктер мен замандас ақындардың туындыларын орындаушы, артист Елена Камубровамен кездесулері туралы ғажайып оқиғаларды айтты.
Наталья Савельева Мәскеуде Камбурованың бірегей театрын құру тарихы, театр артистерімен кездесулері туралы айтып берді.
Наум Григорьевич Шафер Елена Камбуровамен өзінің кездесулері жайлы айтып, өткен ғасырдың 90-жылдары қонақта болғанда, Медовтың орындауында «Вальс февральской революции» актрисаның тыңдаған патефон күйтабағын көрсетті. Уақыт өте келе, Елена Антоновна өзінің концертінің біріне осы туындыны енгізді.
Павлодарлық музыканттар Константин Симонов және Людмила Бевз Марина Цветаеваның өлеңдеріне жазылған және оған арналған өз туындыларын ұсынды.
Юлий Пустарнаков тындармандарға өзінің «Волшебный фонарь» кітабын ұсынды. Бұл кітап – М. Цветаеваның туғанынан бастап ересек өмірдің басталуына дейінгі (1892-1912) өмірінің хроникасы.
Кітапта бізге жеткен жас Марина Цветаеваның хаттары, зерттелетін кезеңнің өлеңдері де ұсынылды. Бүгінгі күні кітаптың бір данасы Павлодар облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейінде сақталған.