«Шафердің музей-үйінде» үш дәуірдің жазушысы Сергей Владимирович Михалковтың 105 жылдығын атап өтті.
№17 балалар бақшасының тәрбиеленушілері «Дядя Стёпа» классикалық туындының авторлық орындауында аудиожазбаларды қызығып тыңдады.
Оларға 1938 жылы шыққан «Дядя Стёпа» мультфильмі де жаңалық болды.
Бала бақшаның балалары мейірімділік, ықылыс, өзара көмек көрсету сабақтарын алды.
Олар естігені, көргендері үшін алғыс айтып, Сергей Михалковтың өлеңдерін көпке дейін оқып, тыңдап, оның балаларға арналған көңілді, күлкілі әндерін әндетіп жүрді.
Ақын, жазушы, мысалшы, драматург С.В. Михалков үшінші мыңжылдықта да өзекті.