«Ода пешему ходу» (Жаяу жүрушіге мадақ өлең)

«Шафердің музей-үйінде» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы Марина Каримова «Баянауыл – қасиетті жер» бағдарламасын ұсынып, Павлодар Ертіс Өңірінің туризмді дамытуға Каримовтар әулетінің қосқан үлесі туралы айтып берді.

Саяхатқа шығу өнері – өз қабілетінді көрсетуге көмектесетін ұлы ғылым.

Саяхаттың шынайы мақсаты – бұл картадағы жер емес, ол өмірге деген жаңа көзқарас.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы рухани аруақ қонған жерлерге топталған.

Баянауылдың көптеген қасиетті жерлері туралы арнайы құрастырылған бағыттарда Марина Каримованың нұсқаушылар мектебінің оқушылары айтып береді.

Туризм – спорттың бір түрі. Командалық рух, жеңіске жігерленген ерік спорт залда немесе жарыс жолдарында жеңіске жетуге ғана көмектеспей, табиғат күйтерімен сынасуға мүмкіндік береді.

Осындай ерлік пен қайраттылық сабақтарын Марина өз туыстарынан – «Баянауыл» туристтік базаның ұйымдастырушыларынан алды.

Раис Николаевич Каримов – Маринаның әкесі – 16 жасында, 1964 жылы турбазада туризм бойынша нұсқаушы болып қызмет еткен. 1975 – 2013 жылдары аралығында «Құрмет белгісі» орденімен мараптталған, «Қазақстан Республикасының туризміне еңбек сіңірген қызметкер» атағымен белгіленген, Маринаның ағасы Рашид Николаевич Каримов турбазаның тұрақты директоры болды.

Отбасылық дәстүрлерді жалғастырушы Марина 2015 жылдан бастап «Ертіс меридианы» аясында қатысушыларға «Ақбет тауына Каримовтар ағайындыларының соқпағы» бағыты бойынша өтуді ұсынады.

Залда осы бағытты бағындырғандар көп болды. Бард өлеңдері клубының мүшелері Баянауыл, Ертіс, Павлодар туралы өлеңдердің авторы Марина Каримова орындауындағы әндерді белсенді қостады.

2016 жылы Марина Каримова музей қорына «Менің Баяным» өзінің авторлық жинағын тапсырды.

Кездесуде Баянауылдың қасиетті жерлерінің әсемдігі туралы турист-саяхатшылар Л.И. Деркунская, Н.Ю. Млынцева айтып берді.

Слава толстым подмёткам,

Сапогам на гвоздях,

Ходокам, скороходам –

Божествам в сапогах!

Если есть в мире – ода

Богу сил, Богу гор –

Это взгляд пешехода

На застрявший мотор.

Осы өлең жолдарын Марина Цветаева 1933 жылы «Ода пешему ходу» мадақ өлеңінде жазған, ал 2017 жылы Марина Каримова Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейінің жобаларына - Цветаева әпкелердің, ақын және жазушының өлеңдеріне жазылған әндер жинағын құрастыруға қатысты.

Павлодар облысының 80 жылдығына «Шафердің музей-үйі» аймағымыздың тарихын жазатын, «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Павлодар облысының 100 жаңа есімі» энциклопедияларына жазылуға лайықты жерлестермен кездесу циклдерін жалғастырады.

Павлодар облысының туризм федерациясының вице-президенті, Павлодар облысының альпинизм және жартасқа өрмеу федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы туризмінің еңбек сіңірген нұсқаушысы, туған өлке, Отан туралы өлеңдердің авторы мен орындаушысы Марина Каримова өзінің күнделікті еңбекпен еліміздің даңқын шығарады, Павлодар облысының дамуына өзінің тарихын жазады.