«Ауған соғысы және локальды соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қорының қатысуымен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында патриотизм сабағы өтті.
Ақпан айы тарихи оқиғаларға толы: 1918 жылғы 23 ақпан – Қызыл Әскер және Флоттың туған күні, 1989 жылғы 15 ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарған күні.
Барлық уақыттарда сарбаздардың саптық қатарында ән болған. Алайда, әрбір уақыт өз әндерін шығарады. Ол біздің есіміздегі «мәңгілікке жиырмадағы жігіттер» туралы әндер.
Ауғанстандағы қызметі туралы өздерінің естеліктерімен Кенесбаев Аблай, Супахунов Малик, Оганесян Юрик бөлісті.
Олардың барлығы Ауғанстанда (1983-1987ж.ж.) кеңес әскерлерінің шектеулі топтарының құрамында интернационалдық патриоттық борышын абыроймен ақтады.
«Шафердің музей-үйінің» фонотекасында А.В. Александровтың басқаруымен Қызыл Әскер және Флот ансамблінің, В. Агапкиннің «Прощание славянки» танымал маршінің орындауындағы әндер сақталған әскери-патриоттық бағыттағы күйтабақтар бөлімі бар.
«Голубые береты», «Обелиски» және «Время выбрало нас» ансамбль әндерінде, Ұлы Отан соғысы әндердегідей көп отпимизм, жарқын сенім, үміт пен махаббат бар.
Бұл Ауған соғысында туған әндер. Күнделікті әскери қызмет, үйге оралмаған жігіттер туралы әндер. Осы әндер ерлікті қалыптастырып, Отанға деген махаббаттты нығайтады.
Жеңіс парадтарында жаңа әндермен Қазақстандық ұлттық гвардияның Отан қорғаушылары сапта жүреді.
Барлық адамгершілік және физикалық күшті жұмылдыруды қажет ететін айрықша жағдайларда туған әндер жарқын әрі шынайы болады.
«Сарбаздар ән айтқанда, балалар тыныш ұйықтайды».