Павлодар облысының 80 жылдығын мерекелеу аясында «Шафердің музей-үйінде» қызықты адамдармен шығармашылық кездесулер өткізілуде.
Кездесулердің бірін педагогикалық еңбек ардагері, музыкатанушы, өлкетанушы Станислав Семёнович Стазаев өткізді.
Ол өзінің күйтабақ топтамасынан көп қызықты жайттарды айтып көрсетті.
Ол мектеп жылдары кезінен граммафон күйтабақтарын әуестенушілікпен жинап, «күнделікті жұмсалатын ақшаға» күйтабақттарды атып алды.
1966 жылға қарай үш жүзге жуық граммафон күйтабақтарын жинаған.
Александровичтің дауысы жазылған күйтабақтан музыка әлеміне саяхат басталды.
Ал 1979 жылы сәті түсіп, Ленинградта Александровичтің өзінің концертінде болды.
Станислав Семёнович тындармандарымызға өзінің ең қымбат табыстары жайлы айтып берді. Бұл - атақты Карузоның дауысы жазылған күйтабақ. Бүгінгі күні оның топамасында ұлы Карузоның дауысымен жеті бірегей граммафон күйтабағы бар. Олардың бірін кездесуде тыңдайтын боламыз.
Станислав Семёнович Моцарттың музыкалық мұрасын әуестенушіліпен зерттейді. 1982 жылы Моцарттың 626 туындысымен каталог құрды.
Жуырда ол композитордың туған жерінде Германияда болып, ұлы Моцарттың туындыларымен күйтабақ сатып алды.
Музыкамен әуестенушілік, ағартушылыққа мәңгілік ұмтылу Станислав Семёновичке «Әлемдік музыкалық мәдениет» дәріс циклдерін дайындауға және 20 жыл бойы №3 мектеп-гимназияда сабақ беруге көмектесті.
С.С. Стазаев біздің музейімізде де музыкалық кештерді қайта-қайта өткізеді. Оның тұрақты тындармандары да бар.
Кездесуден кездесуге біз музыка, опералық орындаушылардың әлемінен көп қызықты оқиғаларды білеміз.
Станислав Семёнович Собиновтың дауысы жазылған, 114 жылдық граммафон күйтабақтарымен таң қалдырды.
Музейдің досы, Н.Г. Шафердің шәкірті, топтама жинаушы С.С. Стазаевпен кездесу өте қызықты әрі мағыналы өтті.
Граммафон күйтабақтарының қазынасы таусылмайтынына көз жеткіземіз.
Ал тындармандарды 2018 жылғы 09 наурызда сағат 18.00-де Станислав Семёновичпен «Колоратуралы сопраноның вокалды шыңы» кездесуі күтіп тұр.
Әдеттегідей, өте қызықты әрі танымды болады! Көктемді музыкалық көңіл-күймен қарсы аламыз!