Владимир Высоцкийдің 80 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» «Я песне отдал всё сполна» музыкалық кеші өтті.
Кеште Владимир Семеновичтің шығармашылығын зерттеумен айналысқан Наум Григорьевич Шафер Высоцкийдің феномені туралы өз ойларымен бөлісті, «На концертах Владимира Высоцкого» (16-шығарылым) сериясынан винил күйтабағы тыңдатылды. Музыкатанушы осы туындыға өте терең және нәзік түсініктеме жасады.
Владимир Высоцкий – бірегей құбылыс, оның шығармашылығы XX ғасырдың 60 жылдардан бастап көрермендер мен тыңдармандарға таныс. Әсіресе адамның қоршаған ортасы, сондай-ақ рухани ізденістер: оның қуанышы мен қайғы-қасіреті, ерліктері мен зақымдануы бейнеленген әндері көпшілікке жақын.
Высоцкийдің әндерінде қарбаласта біз көрмейтін тамыр, өмірдің сол драматургиясы, бүлікшілік бар, алайда Владимир Семенович баррикадаға шақырған жоқ. Ол өзінің әндерімен рухани ізденіске, таза ниетке, адамгершілкке шақырды.
Владимир Высоцкийдің барлық әндері – ол спектакльдер, трагедиялар, драмалар да, комедиялар да болды. Наум Григорьевич Шафер Высоцкий әндерінің әсер ету күші сөздердің, музыканың және авторлық орындаудың бірлігінде деп санайды.
На концертах Владимира Высоцкого» сериясынан «Интервью» күйтабағында «Про сумасшедший дом», «Инструкция перед поездкой», «07» сияқты танымал әндері, онша белгілі емес әндер де бар. Сондай-ақ, Владимир Семёнович Высоцкий батыс германдық тілшімен өлеңдері туралы, музыканың, сөздердің авторы өзі екені, оның өлеңдерін басқалардың орындауы оған ұнамайтыны туралы үйдегі сұхбат та бар.
Владимир Высоцкийдің мерейтойы – оның шығармашылығына қол жеткізудің тамаша мүмкіндігі.