Осы атаумен 2018 жылғы 2 ақпанда «Шафердің музей-үйінде» кеңес композиторы Исаак Осипович Дунаевскийдің туған күніне орай еске алуына арналған жұмалық кеш өткізілді.
Кештің жүргізушісі топтама жиюшы, профессор, посткеңестікте жетекші дунаевтанушы Наум Григорьевич Шафер болды.
Тындармандардың назарына 1954 жылы Мәскеу қаласында Театралды алаңдағы П.И. Чайковский атындағы концерттік залда өткен И.О. Дунаевскийдің авторлық концертін ұсынды.
Сол уақытта топтама жиюшы жазбаны жасай алмады – сәйкес аппаратура болмаған. Ол осы жазба туралы басқалардан сұрап, оған Радиокомитетке бару керектігін айтты. Н.Г. Шафердің қуанышына, жазба сонда болды. Радиокомитетте осы жазбаның көшірмесін бобинаға түсірді. Ол 1960 жылдары болатын. Кейіннен топтама жиюшы жазбаны кассетаға аударған. Ал кассетадан 2017 жылы жазба заманауи дыбыстасымалдағыштарға көшірілді. Цифрлеуді музейдің дыбысрежиссері Виктор Викторович Сакин жасады.
Музыкалық кештің алғашқы музыкалық композициясы «Серебряные струны» авторлық ән клубынан павлодарлық бард Константин Симоновтың орындауында «Дети капитана Гранта» кинофильмнен «Весёлый ветер» әні болды. Зал барлықтарына балалық шақтан белгілі әнді бірге қосылып айтты.
Одан кейін И.О. Дунаевскийдің авторлық концертін тыңдату болды.
Концерттік бағдарламада мынадай тамаша туындылар орындалды: «Дети капитана Гранта» кинофильмнен «Увертюра» и «Адажио»; «Концертный вальс»; «Мы за мир» кинофильмнен «Летите, голуби, летите!» өлеңдер, «На фестиваль!»; «Школьный вальс»; «Эпизод бегов» из к/ф «Кубанские казаки»; «Весёлые звёзды» кинофильмнен «Звёзды»; «Шумят седые кедры» және т.б.