Туған күн – берекелі мейрам

 

 

Жаңа жыл күндері «Шафердің музей-үйінде» дәстүр бойынша граммафон күйтабақтарының бірегей топамасының негізін қалаушы Наум Григорьевич Шафердың туған күні де тойланады. Биыл ол 87 жасқа толады. Алайда, әдеттегідей, ол сергек және граммафон күйтабақтарының қазынасынан «қара маржандарымен» жомарттанып бөліседі.

Бізге мерекелік жаңа жылдық күндері Шафердің үйінде тыңдаған патефон күйтабақтарын тыңдау мүмкіндігі түсті. Бұл Штраус вальстері, Вадим Козиннің орындауындағы әндер. Осы күйтабақтардың тарихы өткен ғасырдың сонау 30-40-жылдарынан басталады. Дәл осы күйтабақтарды бала Нами отбасына қиын уақытта, оларды Бессарабиядан Қазақстанға жер аударған кезде әкелген еді. Жеке мұрағаттың осы отыз күйтабағынан Н.Г. Шафердің өмір бойы созылған музыкамен айналысу басталған.

Н.Г. Шафердің туған күнінде бүкіл Жер шарынан оның достары мен серіктестері назардан тыс қалдырмайды.

Педагог Эльвира Кощуктың басшылығымен «Кешен: Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж – мектеп» ММ жас музыканттары туған күн иесіне концерт дайындады.

Максим Затолокин гитарада ойнап, Гульден Умарова Қазанғартың «Ұстаз» күйін, ал Мария Столярова скрипкада П.И. Чайковскийдің «Старинную французскую песенку» орындады.

Наум Григорьевич композиторлік өнерге қалай келгені туралы, Евгений Бусиловскийден композиция бойынша сабақ алуы туралы естеліктерімен бөлісті.

Туған күніне орай Наум Григорьевичте Павлодар қаласының «ЭКО» НПФ басылымында «День Брусиловского» өмірлік кітабы шықты.

Наум Григорьевич, туған күніңізбен, шығармашылық шабыт және музыкаға, адамдарға, өмірге деген мәңгілік махаббат тілейміз!