Павлодар облысының 80 жылдығына орай «Шафердің музей-үйі» Павлодар Ертіс Өңірінің музыкалық картасын және патефон күйтабақтарының дыбыс жолағында сақталған аймағымыздың ақын-импровизаторлар, композиторлар, орындаушылардың аудиожазбаларын ұсынды.
2018 жылғы 10 қаңтар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттердің бірінде былай делінген:
«Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.
Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».
Н.Г. Шафердің граммафон күйтабақтарының топтамасында мәдениетіміздің музыкалық біртекті бөлігін көрсетудің бірегей мүмкіндігі бар.
Тындармандарға Жаяу Мұса Байжановтың «Ақ сиса», Иса Байзақовтың «Желдерме», Естай Беркімбаевтың «Хорлан», Мұзафар Әлімбаевтың «Маралдым», Нутфулла Шакеновтың «Шолпан» музыкалық туындылары ұсынылды.
Барлық осы туындылар бүгінгі күні Павлодар облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда айтылады.
Павел Васильевтың өлеңдері «Страницы русской поэзии XVIII-XX веков» жинағында винил дискілердің жазбаларында ұсынылды.
«Кирпичики» күйтабағы 1995 жылы шығарылды, Н.Г. Шафермен, павлодарлық музыканттар мен орындаушылармен дайындалған. Алайда, өкінішке орай, Мәскеу қаласындағы Апрель зауытында граммафон күйтабақтарының шығарылым дәуірі осы күйтабақпен аяқталды.
«Кирпичики» жинағына Нами Гитиннің (Н.Г. Шафер) «Где ты ходишь, недотрога?» және «Вечерний вальс» екі туындысы да енген.
Осындай «музыкалық салют» Павлодар облысының 80 жылдығына «Шафердің музей-үйінің» концерт залында өтті.
Т. Корешкова