"Шафердің музей-үйінде" кезекті жұмалық кешті Павлодар Ертіс Өңірінің қазақ музыканттары мен композиторларына арнаған. Патефон жазбалары мен граммафон күйтабақтарында жерлестеріміздің танымал туындылары ойнатылды. Осы кеште музей Павлодар облысының 80 жылдығын атап өтті.
Қазақстанның әндік мұрасы ретінде жүргізуші павлодарлық композиторлар мен ақындары Жаяу Мұса Байжанов, Иса Байзақов, Естай Беркімбаев, Мұзафар Алимбаев, Нутфулла Шакенов, Аманжол Шамкенов, Кали Байжанов, Каукен Кенжетаев және топтама жиюшы – композитор Нами Гитиннің туындаларын атады. Осы танымал адамдардың туындылары "Шафердің музей-үйіндегі" кезекті жұмалық кеште айтылды. Музейлік музыкалық кездесулердің жаңа маусымы ашылды.
- Жаяу Мұса Байжанов – дала, бостандық және бақыт әншісі. Дарынды композитор, ақын, ақын-импровизатор, - деп жиналған қауымға кеш жүргізушісі және музей директоры Татьяна Корешкова айтты.
Жаяу Мұсаның музыкасы халық ауызында сақталып, ұлттық жауһарларда – «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан мен Сара», «Бекет» операларында пайдаланған.
Ақынның образын жазушы Зейтін Акишев «Жаяу Мұса» романында сомдаған.
Бүгінгі күні ақынның есімімен Павлодар Ертіс Өңірінде Ақсу қаласында колледж аталған.
Оның әндері павлодарлық орындаушылардың репертуарларына бекем енген. «Ақ сиса» әні. Өлеңде Баянауылда болған жергілікті ауқымды оқиғалар суреттелген. Осы өлең граммафон күйтабағына да жазылған. Оны қазір тыңдаймыз.
Кеш бойы есімдер мен олардың туындыларын еске түсірді. Олардың көбі кеңес заманында радиодинамиктерде айтылып, оларды тыңдаған кезде біз сол уақытқа оралғандай болдық.
Иса Байзақовпен балалық шағындағы кездесу Аманжол Шамкеновта өлең шығару тілегін туғызды. Ол поэтикалық қаламұшқа қол тигізді. 1943 жылы өзінің алғашқы өлеңдерін жариялады.
Ал үш жылдан кейін ақын Аманжол Шамкеновты еске алуға Иса Байзақовтың «Құралай» поэмасы бойынша пьесаны жазды. Және де көптеген ақындар сияқты, ол өзінің сүйікті туған өлкесіне өлең арнаған.
«О, Иртыш, я люблю твой
стремительный пенистый вал,
В чужеземных краях о тебе
я душой тосковал.
И теперь я, как сын, к твоим водам
усталым приник,
Чтоб ты новыми песнями
сердце моё напитал»
1995 жылы музейдің ашылуына дейін Наум Григорьевич Шафер граммафон күйтабақтарының Апрель зауытының тапсырысы бойынша «Кирпичики» - 100 жыл ішіндегі қалалық орыс әндердің антологиясы бірегей жинағын шығарды.
Бұл күйтабақ – Павлодар облысының өнімі, құрастырушысы – Наум Шафер, орындаушылар – павлодарлық музыканттар, конверт суретші Александр Бибин жұмысының фрагментімен жазылған.
Бұл күйтабақ винил граммафон күйтабақтарының соңғы шығарылымы болды.
Онда – Нами Гитиннің (Наум Шафер) екі музыкалық туындысы жазылған. Олардың біреуі – «Вечерний вальс». Ол 1947 жылы Ақмола қаласында жазылып, жазылғаннан кейін елу жы өткенде винил дискіге алғашқы рет енген. Кеш қонақтары шафердің вальсін сүйсініп тыңдады.
- Осы музыкалық туындымен Павлодар облысымыздың музыкалық картасы бойынша өз саяхатымызды аяқтаймыз.
- Жаяу Мұса Байжанов, Иса Байзақов, Естай Беркімбаев, Мұзафар Алимбаев, Нутфулла Шакенов, Аманжол Шамкенов, Кали Байжанов, Каукен Кенжетаев, Нами Гитин – 80 жылдыққа орай нағыз музыкалық салют, - деп Татьяна Корешкова музыкалық кездесуді тәмамдады. Ал карта шынайы жасалып, кеште айтылған композиторлар, ақындардың туған жері осы картада арнайы белгілермен белгіленген.
- Сонымен қатар, осы күні Наум Шафердің «День Брусиловского» кітабы жарыққа шықты. Осы жақсы жаңалықты естіген қонақтар авторды құттықтады.
Барлық қонақтар көпке дейін таралмаған. Суретке түсіп, қол таңбаны алып, жәй ғана әңгімелесті. Осы кештің қонақтары арасында №9 мектеп-гимназияның оқушылары да болды. Олар көптеген шафер кештерінде, Достық үйінде және кітапханаларда өтетін кездесулердің белсенді тығдармандары мен көрермендері.
Келесі жұма күні "Соседушки" және "Поречье" халық ұжымдарының қатысуымен «Фольклор» музыкалық кеші өтеді, одан кейін 26 қаңтарда – Владимир Высоцкийдің 80 жылдығына "Я песне отдал все сполна" кеші, ал 2 ақпанда Исаак Дунаевскийдің туған күніне «С песней по жизни» кеші өтетін болады. Музей барлықтарыңызды жұмалық кештерге шақырады.
Светлана Чистякова