«Шафердің музей-үйі» қызметкерлеріне арналған Жаңа жылдық құттықтау ерекше болды. Шай ішу мен Аяз атадан дәстүрлі сыйлықтардан басқа патефон музыкасы ойнатылды. Топтама жиюшы өзінің әріптестеріне ХХ ғасырдың 20-40 жылдардағы жазбаларды ұсынып, осы патефон күйтабақтарының қай жерде және қашан ойнатылғаны туралы айтып берді.
Музей қызметкерлері өздерінің шағын ортада жаңа жыл мерекесін қарсы алды. Әдеттегідей, Аяз атадан сыйлықтар дайындалған. Осы сыйлықтарды алу үшін, қызметкерлер қыс немесе Жаңа жылдық өлең оқып, әннің бір шумағын айту керек болған. Ол 20-40 жылдардағы бірегей күйтабақтарды патефонға қойып, сәйкес түсініктеме айтып отырды. Патефонды қосып, тұтқасын айналдырып, бессарабия топтасымының күйтабағын ойнатады.
– Бұл 28-жылғы ата-анамның күйтабағы, - деп Наум Григорьевич айтады.
– Біздің отбасымыздың және Бессарабияда көптеген басқа да отбасылардың дәстүрі бойынша, жаңа жыл мерекесін патефон дыбыстарын тыңдаумен басталады. Бұл күйтабақ көп ойнатылған және таза ойнамайды. Владимир Козиннің орындауында А. Шмульянның өлеңіне, В. Сидоровтың музыкасына «Дружба» тамаша әні және Я. Полонский мен Ф. Садовскийдің «Мой костер в тумане светит» ескі цыған әні қойылды. 1937 жылғы жазба, күйтабақ 1939 жылы шығарылды. Наум Григорьевич ата-анасының достары үйлеріне қонаққа жиналып, әр біреуі өзінің сүйікті күйтабағын әкелгені туралы айтты. Осылай 28 – 41 жылдар аралығында Қазақстанға жер аударғанға дейін Жаңа жылды қарсы алдық. Осында да 31 поселкеде екі патефон болды, олардың біреуі поселкенің төрағасында болған, онда музыканы тыңдады. Наум Григорьевич барлығында Штраус ең сүйіктісі болғанын айтады. Міне қазір Шафер де «Голубой Дунай» (1938 жылғы күйтабақ) қойып, бізді топтама жиюшы айтқан сол поселкеге, сол үйге әкетеді. Одан кейін мексикан композиторы Розастың «Над волнами» (басқа атауы - "Sobra") Поль Годвиннің би музыкасының оркестрінің орындауында вальс қойылды.
Шафердің жақсы көрген Исаак Дунаевский де тыс қалмаған. Ол В. Волжениннің өлеңіне жазылған, Семен Дунаевскийдің басшылығымен Балалар хорының орындауында «Колеса бегите» өлеңін қойды, 40-жылы шығарылды, алайда Наум Григорьевич осы күйтабақты 50-жылы Ақмолада сатып алғанын айтады. Күйтабақтың екінші жағында теміржол тақырыбындағы осы хордың орындауында Евгений Долматовскийдің өлеңіне жазылған «Дальная сторожка» әні бар. Осы жазбаларды тыңдап, әріптестер осы әндерді қосып, теміржол тақырыбына диск шығаруды шешті.
Осы кеш гитарада ойнаумен аяқталған. Музейдің досы Константин Симонов өзінің музыкалық құттықтауын жолдады. Ал музей қызметкерлерімен бірге орындалған қыс тақырыбындағы екі өлеңді Наум Григорьевич алдағы дискілер жұмыстарының біріне енгізуді ұсынған.
Қызметкерлер келер жылға өздерінің армандарымен бөлісті. Көбінесе барлығы саяхат жасауды армандайтының айтты. Наум Григорьевич және Наталья Михайловна өздеріне олардың естеліктерімен кітап жарыққа шыққанын тіледі. Қазір ол басылымда. Шығады деп үміттенеміз.
Светлана Чистякова