Балалар әдебиетінің классигі Самуил Яковлевич Маршактың 130 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» «Оқитын ұлт» науқаны аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекеме - №17 балалар бақшасының тәрбиеленушілері және Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназияның 2-3 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Жасы үлкен балалар кішкентай бүлдіршіндерге ақын Маршактың өлеңдерін оқыды.
Ол жай ғана оқымай, сахналық көріністерді ойнап, ақын өлеңдеріне өздерінің шығармашылық жұмыстарын, суреттемелерін көрсетті.
Біз Маршакпен бірге өстік. Біздің алдымызда әлем әрең ашыла бастағанда, бізге ақылды, мейірімді достар - Маршактың сәулелі өлең жолдары келе берді.
Музей фонотекасында ақынның туындылары сақталған көп күйтабақтар бар. Автордың орындауында «Стихи для детей» үлкен винил дискі де бар.
Наум Григорьевич Шафер әртіс Игорь Ильинскийдің орындауында Маршактың өлеңдерін патефонда көрсетті.
Ақынның мерейтойымен біз 1972 жылы жазылған «Почта» өлеңінің мерейтойын да атап өттік. Және «толстая сумка на ремне, и конверт, и цифра «5» на медной бляшке!..» Бұл тарихқа айналды!
Ақынның хаттары, жолдаулары жайлы С.Я. Маршактың шығармалар жинағының сегізінше томынан білдік.
1963 жылы Курган қаласының «Жас кітапқұмарлары» үйірмесінің мүшелеріне арналған туындылар үзіндісінің бірі: «... читать по-настоящему умеет тот, кто не глотает книгу залпом, чтобы поскорее узнать, что дальше случится, а тот, кто умеет вчитываться, вдумываться в книгу, отдавая себе отчёт в том, что именно в ней нравится…».
С.Я. Маршактың өлеңдерін тыңдай отырып, балалар бақшасының тәрбиеленушілері талқылауға, ойлауға белсене қатысты.
Маршак миллиондаған оқырмандар үшін дыбысталады. Оның өлеңдерін келесі ұрпақтар оқиды.
Нет, будет мир существовать!
И пусть меня в нём нет,
Но я успел весь мир обнять,
Все миллионы лет.
(С. Маршак)