«Қамқорлық» айлығы және Республикалық мүгедектер күні аясында «Шафердің музей-үйі» Мүгедектермен жұмыс жасау бойынша мәдениет үйі мен Қарттар үйінде жылжымалы іс-шара өткізілді.
«Оптимист» қалалық мүгедектер қоғамы мүшелері мен «Қарттар үйі» емделушілерінің назарына «Патефон жанында» музыкалық сағат ұсынылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында музей фонотекасынан КСРО Халық артісі, Қазақ СРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Тажибаевна Бағланованың шығармашылық мұрасы бойынша сирек кездесетін аудиожазбалар ұсынылды.
Оның теңі жоқ сопраносы жер шарының түктпір-түкпірін жаулап алды.
Оның орындауындағы әндер 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне де, Тың жерлерді игерген ерлеріне де, ғарышқа ұшқандарға да айтылды.
Көптеген тыңдармандар үшін концерттерде әрбір кездесу жарқын, әдемі сый ретінде болған.
Тыңдармандарға ән өнерінің аңызға айналған өлеңдері «Ах, Самара-городок», «Мечта девушки», «Танцуй-танцуй» секілді әншінің орындауындағы әндердің аудиожазбалары қойылды.
Республикалық радионың 1994 жылғы тілші Андрей Корчевскийдің Роза Бағлановамен сұхбатымен радиобағдарламаның аудиожазбасы тыңдармандарда ерекше қызығушылық туғызды. Әншінің әрбір жауабында өмірлік өптимизм, әріптестеріне, серіктестеріне, тындармандарға деген махаббаты естілді.
«Шафердің музей-үйі» жобасында топтама жинаушы Наум Григорьевич Шаферде патефон күйтабақтарында және магнитофон катушкаларында сақталған әндерді қосып, әнші Роза Бағланованың шығармашылық мұрасы бойынша кішігірім аудиоальбом дайындауға ойы бар.
Кездесу барысында «Оптимист» қоғамының вокал тобының басшысы Надежда Ивановна Чернова «Танцуй-танцуй» әнімен кездесуі туралы естеліктермен бөлісті. Осы әнді Прагада халықаралық кездесулердің бірінде айтып, «Прага жүргеі» үлкен тортты сыйлыққа алды.
Ал шығармашылық ұжымның музыкалық басшысы Дмитрий Козлов Волгоградта «Поречье» триосымен Бүкілресейлік казак өлеңдерінің байқауына барған сапары туралы естеліктермен бөлісті.
Осылай өлең ұжымдарды, халықтарды, уақытты біріктіріп, топтастырады.
«Шафердің музей-үйі» дыбысталатын жылнамасы өзінің тыңдармандарын таң қалдырып, әсер етіп қуантады.
Граммафон күйтабақтарының қазынасы таусылмайды.