Шафердің музей-үйі» концерт залында қазақ халық композиторы, домбырашы, Құрманғазының шәкірті Дина Нурпеисованың шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.
Музей фонотекасында Н.Г. Шафер жинаған ХХ ғасырдың 30-60-жылдардағы патефон күйтабақтарында Дина Нурпеисованың туындыларының бірегей жазбалары сақталған. Кейбір күйтабақтарда атақты домбырашының орындауындағы күйлер айтылады, қалғандарында – Г. Альжанов, Р. Омаров секілді домбыра шеберлерінің күйлері жазылған. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің орындауында Динаның туындыларының жазбалары бар.
Кеште Дина Нурпеисованың өмірі мен шығармашылығы, оның ұлы қазақ күйшісі Құрманғазымен кездесуі туралы айтылды. Ол Динаны өзінің ең үздік шәкірті деп таныған, кейіннен өзінің домбырасын Динаға өсиет етіп қалдырды. Дина Нурпеисова мен Құрманғазының басқа да шәкірттерінің арқасында ұлы күйшінің туындылары сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті.
Кеште Дина Нурпеисованың орындауында патефон күйтабақтарынан цифрлік түрге аударылған Құрманғазының күйлері айтылды: «Қайран шешем» және «Наусқы» (1938 және 1948 ж.ж. жазбалары). Дина Нурпеисованың күйлері естілді: «Бұлбұл», «Көгентүп», «Байжұма», «Әсем қоныр», «Той бастар», «Жеңіс». (ХХ ғ. 30-60-ж.ж.).
Кештің соңында тыңдармандарға 1947 жылы «Алматы» киностудиясында түсірілген Дина Нурпеисова туралы деректі фильмді шолу ұсынылды. Фильмде Жамбыл Жабаев, Ахмет Жұбанов, Шара Жиенкулова және басқа да Қазақ СРО көрнекті қайраткерлері түсірілді.