"...Настанет свой черёд"

Ақын Марина Цветаеваның 125 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» поэтикалық алаңдар ашылды.

Солардың бірінде А.П. Чехов атындағы драма театрының актрисасы Халима Хазиева Марина Цветаеваның шығармашылығына арналған өзінің естеліктермен бөлісті, «өзінің Маринасы» туралы айтып, оның сүйікті өлеңдерін оқыды. Халима Хазиева Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназия оқытушысы Алена Игоревна Смоленкомен бірге тыңдармандарға Марина Цветаеваның өлеңдерінен ерекше моноспекталь сыйлады.

Моим стихам, написанным так рано,

Что и не знала я, что я - поэт,

Сорвавшимся, как брызги из фонтана,

Как искры из ракет…

(М. Цветаева)

…настал черед.

Цветаеваның өлеңдерін жиырма бірінші ғасырдың жас ұрпақтары да оқиды.

Тағы да бір поэтикалық алаңда № 9, 34 мектеп оқушылары Марина Цветаеваның өлеңдерін оқыды.

Ақын өзінің шығармашылығымен жастардың жаны мен жүректеріне жеткен.

Как луч тебя освещает!

Ты весь в золотой пыли…

- И пусть тебя не смущает

Мой голос из-под земли.

(М. Цветаева)

Ақынның өлеңдері көңіл-күйге үндес. Марина Цветаеваның шығармашылығын қадірлеушілер осы өлеңдерді бір-біріне сыйлаған.

Жыл сайын бүкіл Жер шары бойынша дәстүрлі Цветаева алауларында Марина Цветаеваның өлеңдері айтылады.

Павлодар қаласында Ленпаркінде он үш жыл бойы қыркүйек айында Марина және Анастасия Цветаевалардың өлеңдері айтылады.

Как два костра, глаза твои я вижу,

Пылающие мне в могилу - в ад, -

Ту видящие, что рукой не движет.

Умершую сто лет назад…

С мной в руке - почти что горстка пыли -

Мои стихи!..

(М. Цветаева)

Павлодар қаласында Марина және Анастасия Цветаева апалы-сіңлілерді еске алуына арналған поэтикалық алаңдар, кездесулер, концерттер эстафетасы жалғастырылуда.

Моим стихам, как драгоценным винам,

Настанет свой черёд.

(М. Цветаева)