2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 18.00-де «Шафердің музей-үйі» концерт залында кездесулер маусымының ашылуы салтанатында павлодарлық ақын Виктор Гаврилович Семерьяновтың 80 жылдығына арналған «Туған Ертіс Өңірінің әншісі» кеші өтеді.
Жерлесіміздің атаулы күніне музей Виктор Семерьяновтың өлеңдеріне жазылған «Школьный блюз» Игорь Булатовтың балаларға арналған әндердің екінші аудиожинағын дайындады.
Жинаққа Дамир Тухфатуллин, Оля Пустовалова, Дамир Багаутдинов және композитор, музыкалық педагог Игорь Булатовтың басқа да тәрбиеленушілері орындайтын 18 ән енген.
«Одноклассница», «Любите сказки дети», «Песенка про папу», «На Иртыше», «Милые родители», «Сны о детстве», «Казахстан – моя жизнь» кішкентай болса да, өте әуезді әндерде балалық шақ әлемі, мектеп жылдары және кішігірім отанға, Қазақстанға деген махаббаты айтылады.
«Школьный блюз» жинағы аймағымыздағы мектептердің музыкалық педаготарды қызықтырды.
Виктор Гаврилович Семерьяновтың туыныдалының саздылығы павлодарлықтарды жарты ғасыр бойы шаттандырады. Оның өлеңдерін туған-туысқандарға, жақын адамдарға айтады.