Күміс ғасырдың ақыны Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған Павлодарда үшінші Цветаева апталығының іс-шаралары аясында «Шафердің музей-үйі» Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның халықтық музейімен бірге жас тыңдармандарға арналған «Марина Цветаеваның балалық шағы» іс-шаралар сериясын өткізді.
№9 гимназия, №6 мектеп және №2 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары ақынның туындылары бойынша сахналық көріністерді ойнап көрсетіп, «Август – Астры» (Пригарина Арина), «Красною кистью рябина» зажглась (Сламкан Альмира), «Инцидент за супом» (Сушкова Софья), «Моим стихам настанет свой черёд» (Дзюба Арина) таңдаулы өлеңдеріне өздерінің суреттемелерін ұсынды.
Павлодар қаласы №9 гимназияның 3 «Е» сыныбының сынып жетекшісі Юлия Николаевна Лазинаға балаларды әдеби сағатқа дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
«Дети – особая порода, поддающаяся воздействию», - деп Марина Цветаева балаларға арнау өлеңінде жазған.
№17 балалар бақшасының тәрбиеленушілері Лилия Фогельзангтың (Германия) «Сказочный Шварцвальд» үйдегі бейнефильмнен «Воспоминания» кітабы бойынша Марина және Анастасия Цветаева әпкелердің балалық шағынан көп қызықтарды біліп алды.
Павлодарлық ақын, Марина Цветаева атындағы халықаралық сыйлық иегері Ольга Григорьева Муся және Ася Цветаевалардың жастық шағы өткен Еуропаның жерлеріне барғаны туралы өзінің әсерлерімен бөлісті.
«Не отличайте себя от других – в материальном. Другие – это тоже вы, тот же вы. Все одинаково хотят есть, спать, сесть и т.д. Не торжествуйте победы над врагом. Достаточно – сознания. После победы – протяните руку».
Осылай «жүз жылдан кейінші ұрпаққа» Марина Цветаеваның өлеңдері айтылады.