Отбасымен бірге музейге

Музейге отбасымен бірге бару дәстүрге айналуда. Сиқырлы күйтабақ үлкендерге де, кішкентайларға да қызықты.

Жаз жарқын кездесулер маусымы. Барнаул, Павлодар, Омбы, Астана қалаларынан отбасыларды кездестіргенде, осыған көзіміз жетті.

Көптеген павлодарлықтар музейге Германия, Ресей, Израиль, Беларусь Республикасынан келген достармен, қонақтармен келетіні қуантады.

Граммафон күйтабақтарының топтамасын жиюшы Н.Г. Шафер сиқыршы сияқты өз музыкалық қобдишадан патефон күйтабақтарын шығарып, патефонның сиқырлы дыбыстарын сыйлайды.

Бұл – И. Ильинскийдің орындауындағы С.Я. Маршактың балаларға арнаған өлеңдерінің аудиожазбалары. Бұл - Леонид Утёсовтың орындауындағы сүйікті әндер. Бұл - ата мен әжелер би алаңында танысқан би әуендер.

Отбасылық естелік бойынша саяхатқа шақыратын дыбысталатын жылнаманың ғажайып әлемі.

Аналар мен әкелер, әжелер мен аталар, балалар, отбасымен бірге балалыққа, жастық шаққа және бойжеткен кездегі естелікке апаратын музыканың жан толғандыратын дыбыстарын есту үшін музейге келіңіздер.